Таразда донер сататын жерден ер жігіт аспаз қызды үйлену мақсатында ұрлап әкеткен. Полицейлер қызды үйіне қайтарды, – деп хабарлады Polisia.kz. 21 тамыз күні сағат 00.30-да кезекші бөлімге хабар келіп түскен. Онда облыс орталығындағы дәмханаларының бірінде 20 жастағы аспаз қыз ұрланғаны айтылған. Жедел-іздестіру шарасы барысында полиция қызметкерлері бейтаныс қызды оның келісімінсіз үйлену мақсатында ұрлап кеткен адамды ұстады. Ол Талас ауданының 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұл факті бойынша ҚР ҚК 2-бөлігі 125-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қыз үйіне қайтарылды. Жамбыл облыстық полиция департаменті ҚР ҚК 2-бөлігі 125-бабына сәйкес, қызды ұрлап кеткен жігіт төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін ескертті.
Жүктелуде...