Бақыт Сұлтанов G20 кездесуіне қатысты

Бақыт Сұлтанов G20 кездесуіне қатысты

Бақыт Сұлтанов G20 кездесуіне қатысты
ашық дереккөзі
292
Бақыт Сұлтанов G20 елдерінің Қаржы министрлері мен Орталық банк басшыларының кездесуіне қатысты. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Facebook парақшасына жарияланды. 23-24 шілде аралығында Қытайдың төрағалығымен Чэнду қаласында Үлкен жиырмалық елдерінің қаржы министрлері мен орталық банк басшыларының қорытынды кездесуі өтті. Бұл шарада Қазақстан тарапынан ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов пен Ұлттық банк төрағасы Д.Т.АҚышев қатысқан болатын. Отырыс барысында салық мәселелері бойынша симпозиумге Бақыт Сұлтанов қатысты. Қаржы министрі Халықаралық Валюта  қорының директоры Кристин Лагардпен екіжақты кездесу өткізді. Сонымен қатар Түркия мен Сингапурдің  вице-премьерлері және Қытай қаржы министрі Лоу Цзивэймен кездесті. Кездесу барысында қазіргі экономикалық жағдай, әлемдік экономиканың даму әлеуеті талқыланды. Сондай-ақ халықаралық қаржы құрылымын реформалау, терроризмді қаржыландырудың алдыну алу мен салық мәселелерінде күш біріктіру қажеттігін атап өтті. Үлкен жиырмалық қаржы министрлері мен орталық банк төрағаларының кездесу қорытындысы бойынша 4-5 қыркүйекте Ханчжоу қаласында өтетін G20 саммитіне дайындық пысықталды. Жиырмалықтың төрағалығы 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Түркияға берілген. 2017 жылы Қытай төрағалықты Германияға тапсырады. G20 (Үлкен жиырмалық)  - әлемдік экономика мен қаржы мәселелерін талқылайтын форум. Алдағы G20 саммитінің тақырыбы - "Инновациялы, салауатты, өзара ынтымақтасқан және инклюзивті әлемдік эконмиканы қалыптастыру". Қытай өз төрағалығында неғұрлым тиімді экономикалық даму жолдарын қарастырыпты.  

Серіктес жаңалықтары