Байқоңыр саяхаты ашық

Байқоңыр саяхаты ашық

Байқоңыр саяхаты ашық
ашық дереккөзі
642
Отандық 7 туристік оператор "Байқоңыр" кешеніне тур ұйымдастыру құқығына ие болды. Бұрын "Байқоңыр" айлағының іші қарапайым халыққа беймәлім болса, бүгін де ұшыру айлағы кешеніне туристік сапар ұйымдастыруға болады. Бұл әлемнің жеті кереметінен кем болмайтын алып кешен. «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Досжановтың қатысуымен өткен брифингте бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы баяндалды.  width= «Облыста туризм саласын дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Айталық, туризм саласы бойынша статистикалық мәліметтерге жүгінсек, қаңтар-наурыз аралығында облысқа келген туристердің саны 9495 адамды құрады. Осы жылдың басынан бастап Қазақстанның туризм тарихында бірінші рет 7 отандық туроператор «Байқоңыр» кешені бойынша турлар ұйымдастыру және оларды сату құқығына ие болды", - деді М.Төлебаев . "Өздеріңізге белгілі, 22-23 маусымда ішкі туризм және сыртқы туризмді дамыту аясында «Қызылорда-Байқоңыр-Қызылорда» бағыты бойынша ақпараттық тур өткізілді. Үстіміздегі жылдың мамыр айында Қорқыт ата мемориалдық кешенінің жанынан Этноауыл ұйымдастыру жобасы іске асырылды. Мәселен, өткен жылы бір ғана Қамбаш көліне 70 мың демалушы келген. Сондықтан этноауыл ұйымдастыру жобасы туристерге мәдениетімізді таныстыра отырып, қазақ халқының салт-дәстүрлерінің мәнін түсінуге көмектеседі" деп жазылды Қызылорда облыстық әкімдігі сайтында. Сонымен қатар облыстағы мейрамханалардың саны биылдың өзінде онға көбейіп, бүгінгі күні барлығы 79 мейрамхана қызмет көрсетіп тұр. Жыл соңына дейін тағы 4 мейрамхана ашылады деп күтілуде. Азамат Досжанов бұл атқарылған жұмыстардың шағын ғана бөлігі екендігін атап өтіп, ағымдағы жылы басқарма кәсіпкерлікті дамыту үшін біршама нақты міндеттерді алға қоятынын айтты.

Серіктес жаңалықтары