Ресей Риоға бара ма?

Ресей Риоға бара ма?

Ресей Риоға бара ма?
ашық дереккөзі
214
Халықаралық олимпиада комитеті Ресейді Рио Олимпиадасына қатыстыру туралы дұрыс шешім шығарды деп есептейді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев. «Таза» спортшылар функционерлер үшін жауапкершілік алмау керек», - деп жазды Қ. Тоқаев өзінің Твиттер парақшасында. Таяуда Лозанна қаласында Рио Олимпиадасына Ресей құрама командасының қатысу-қатыспауына қатысты талқылау өткен болатын. Отырыс шешімі бойынша ХОК Ресей атлеттерінің 2016 жылғы Олимпиадаға қатысуы туралы шешімді спорт түрлері бойынша халықаралық федерация қабылдайтынын айтты. Айта кетейік, бүгін британиялық танымал Daily Mail басылымы Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) бүкіл Ресей құрамасын «мемлекеттік допингтік бағдарламасы» үшін жазалап отырғанын, ал ХОК-тың ұстанымы «допинг - спорт атаулыға жасалған шабуыл» екенін алға тарта отырып, ресейлік спортшыларды Олимпиада ойындарынан шеттететіні туралы жазады. Сондай-ақ, кейбір дереккөздер келтірген дәйектерге сүйенсек, Ресей спортшыларын тек Риодан ғана емес, 2018 жылы Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы олимпиада ойындарынан да шеттету мәселесі қарастырылып жатқаны айтылған.

Ресейлік жеңіл атлеттер халықаралық антидопинг агенттігі (WADA) жүргізген тексеру нәтижесі жарияланған соң Олимпиададан шеттетілген болатын. WADA есебінде Сочиде 2014 жылы өткен қысқы Олимпиада ойындары барысында арнайы қызметтер допинг сынамаларын ауыстыру бойынша кең көлемді операция ұйымдастырған деген болжам айтылған еді. Ресейлік құраманы толығымен жарыстан шеттетуді 14 допингке қарсы ұлттық агенттік талап еткен. ХОК тарапына допинг дауына ілінбеген ресейлік «таза» спортшылардың жарысқа қатысуына мүмкіндік туғызу үшін жедел топ құру туралы ұсыныс жасалған.

Бұл допинг дауы Қазақстан құрамасын да шыр айналдырды. Осыған дейін халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің Бейжің мен Лондон Олимпиадалары кезінде, ал Зүлфия Чиншанло, Мая Манеза және Светлана Подобедова үшеуі соңғы Олимпиадада допинг қолданды деп, жарыстардан шеттеткен болатын. Бұл спортшылар биылғы Рио олимпиадасына қатыспайды.

Серіктес жаңалықтары