Smart TV сіздің әрекетіңізді бақылауы мүмкін

Smart TV сіздің әрекетіңізді бақылауы мүмкін

Smart TV сіздің әрекетіңізді бақылауы мүмкін
ашық дереккөзі
Қазіргі заманғы ақылды теледидар (smart TV) барлық оқиғаларды жүйелі түрде аудио және бейне таспаға жазу мүмкіндігіне ие. Өйткені мұндай мүмкіндіктер «ақылды» теледидарлар үшін бағдарламаны қосу, телеарнаны ауыстыру, теледидарды қосу немесе өшіру, дыбысты көтеру, төмендету сынды ым-ишараны не болмаса дыбыстық бұйрықты қабылдап орындау үшін қажет. Бұл туралы ӨзА хабарлайды. Ресейдегі «Цифрлық платформа» ұйымының бас директоры Арсений Щелцин «Прайм» агенттігіне берген сұхбатында аудио мүмкіндіктер қазіргі барлық заманауи смарт теледидарларда қол жетімді екендігін айтты. «Дыбыстық функцияларды жақсарту үшін дыбыстық файлдарды өндіруші компанияның серверіне жіберілуі мүмкін. Алайда, американдық құқық қорғаушылардың пікірінше, кейбір елдерде арнайы қызмет өкілдері смарт-теледидар арқылы бүкіл әлемдегі адамдарды бақылау үшін бағдарламалық жасақтаманы пайдаланады. Көптеген үздік технология өндіруші компаниялар өзі шығарға теледидар құрылғыларының қауіпсіздігін қадағалап отырады, бірақ бүгінгі күннің жағдайнда оны барынша қадағалау қиындау, өйткені теледидарды компьютер немесе телефонға қауіп төндірген вирус бұзып кетуі мүмкін», – дейді ол.