Арктикадағы мұздықтар 2035 жылға қарай толық еріп кетуі мүмкін – ғалымдар пікірі

Арктикадағы мұздықтар 2035 жылға қарай толық еріп кетуі мүмкін – ғалымдар пікірі

Арктикадағы мұздықтар 2035 жылға қарай толық еріп кетуі мүмкін – ғалымдар пікірі
ашық дереккөзі
1079
Климатологтардың айтуынша, ғаламдық жылыну біз өмір сүріп жатқан планетаның келбетін түбегейлі өзгерте алады. 2035 жылға дейін полярлық мұз қабаты мүлдем жоқ болып кетуі мүмкін. Ғалымдардың мұндай тұжырым жасауына жерде 125 мың жыл бұрын болған оқиғалар себеп болған. Бұл туралы ӨзА хабарлайды. «Nature Climate Change» басылымында жарық көрген мақалада Артика мұздықтарын зерттеген ғалымдардың жақын келешекте жер шарын қандай өзгерістер күтіп тұрғаны жайлы сөз айтылады. «Біздің білуімізше Арктика жаһандық жылынудың әсерінен қатты өзгеріп жатқаны байқалады. Жер мен оның тарихындағы соңғы жылыну кезеңінде не болғанын зерттей отырып, жақын болашақта қандай өзгерістер болатыны жайлы жақсы біле бастадық. 2035 жылға қарай Арктика мұз жамылғысыз қалуы мүмкіндігі адамзатты жаһандық жылынуға белсенді түрде қарсы тұруға мәжбүр етуі керек», – деген Луиза Сим, зерттеуге қатысқан британдық антарктик ғалымның бірі. Әлемдік климатологтардың дерлік барлығы жаһандық жылынудың болуы және планетадағы температураның 1,5 градусқа дейінгі баланста сақталмаса, ол Жер шарының келбетін түбегейлі өзгертетініне күмән келтірмейді. Бұған планетаның климатының компьютерлік модельдері және әртүрлі климаттық жерсеріктер мен метеорологиялық станциялардың мәліметтері дәлел бола алады. Бұл процестің бірінші және негізгі құрбандары жер шарының полярлық аймақтары және тау мұздықтары болуы мүмкін. Бұл аудандардағы ауа температурасы өткен ғасырға қарағанда 4-9 градус жылылықты көрсеткен. Нәтижесінде бұл мұздықтар аумағының азаюына Антарктида мен Арктиканың көп бөлігінің мүздықтары жоғалуына әкеп соғуы әбден мүмкін. Ғалымдар Артиканың пайда болуының 125 мың жыл бұрын, Микулин мұз дәуірінің жылну кезеңінде қалай өзгергенін талдап, жоғарыдағы айтылған процесс ғалымдар ойлағаннан тезірек орындалады деген қорытындыға келді. Олардың пікірінше, мұндай процестер Жер бетінде 2035 жылы басталуы мүмкін. Бұл кездегі Арктикадағы температура Микулин мұздық дәуіраралық кезеңінің басындағы температураға тән. Осылайша, полярлық мұз қабаты бұрынғы климаттық модельдер көрсеткеннен жарты ғасырға жуық уақыт бұрын жоғалып кетуі мүмкіндігі жоғары. Ғалымдардың жаңа болжамы шенеуніктердің назарын аударып, оларды түрлі көмірқышқыл газды шығындыларды азайту бойынша жаңа шаралармен белсенді жұмыс істеуге мәжбүр етеді деп үміттенеді. Бұл Арктиканың жылынуын бәсеңдетеді және адамзатқа полярлық мұз қабаты жойылғаннан кейін климаттың түбегейлі өзгеруіне дайындалуға уақыт береді.

Серіктес жаңалықтары