Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша іс аяқталған жоқ

Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша іс аяқталған жоқ

Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша іс аяқталған жоқ
ашық дереккөзі
320
Астанада болған жас жігіттің өлімі туралы іс әлі аяқталған жоқ. 23 жастағы жоғары оқу орнының студенті Ерасыл Әубәкіровті өлтіру ісі бойынша күдіктілердің бірі Нұрбек Әжімбайдың адвокаты тергеушілердің Әжімбайдың туыстарынан алған тергеу әрекеттерінің аудиолары мен видеоматериалдарын бермеген деп жазады Tengrinews.kz тілшісі. - Заң бойынша олар аудио және видео материалдарды беруге міндетті, себебі айыпталушы тарап қалаған уақытында оны зерттеп, қарап немесе сараптамаға жібере алуы тиіс. Бүгін Нұрбектің анасы тергеушіге қорғаушы ретінде осы көшірмелерді беруін сұрап, өтініш жазды. ҚПК-нің 120-бабының 3-бөлігі және 296-бабының 2-бөлігі бойынша, яғни бұл көшірмелерді барлық алдын ала тергеу органдарында қорғаушыларға береді. Бірақ осы істе бұл көшірмелерді бермей отыр. Бұл сот процесіне дайындалуға кедергі. Ал бұл материалдар Әжімбайға қарсы айыптаулардың негізі ғой. Сонымен қатар Мейірбаев Аянға қатысты істің тоқтатылуының негізі де осы материалдар. Сондықтан бұл материалдарды алу маңызды. Бүгінде Бегалин деген процесстік прокурор бар, оған осы көшірмелерді бермей отыр деп шағым түсті. Алайда Бегалин құқықтарды қорғап, заңдылықты сақтаудың орнына іс материалдарымен танысудың кестесін бекітіп, айыпталушы тараптың жағдайын нашарлатып тастады. Ал заң бойынша айыпталушы тарап іс материалдарымен танысуға қанша уақыт аламын десе де өзі біледі, ал прокурор қасақана уақытты созған жағдайда ғана кесте бекіте алады, істі қараса да, қарамаса да, уақыт бітеді. Іс сотқа жіберіледі. Прокурор көшірмелерді беру туралы шешім шығарудың орнына Әжімбайдың жағдайын қиындатып отыр. Енді біз түсірген шағымның мәні болмай қалды. Меніңше, Әжімбайға бұл істе сот отырысына жақсылап дайындалуға мүмкіндік бермеу, - деді адвокат телефон арқылы. Ал видео мен аудиоматериалдарда қандай мәліметтер бар екені бегісіз, оны адвокат атап айтпаған. "Бұл істегі дәлел бола алатын мәліметтер осы аудио мен видеоматериалдарда. Оның ішінде не бар екенін қазір айта алмаймын, себебі барлығымыз тергеу құпиясын жария етпеу туралы қолхат толтырғанбыз. Бірақ көшірмесі берілмеген бөлігін біз жария етуге құқылымыз, ал сол көшірмелердің ішінде не бар екенін біз айта алмаймыз", - деп мәлімдеді адвокат. Заңгердің айтуынша, бұл қылмыстық іске ол таяуда, тергеу аяқталған кезде қосылыпты. "Біздің командада тағы екі адвокат бар. Мен Әжімбайдың мүддесін ресми тұрде қорғаймын, қазір іспен танысып жатырмын. Сот отырысы кезеңінде қатысамын", - деді ол. Бұл іс биыл 10 ақпанда Астанада медициналық университеттің жоғалып кеткен студенті Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты көтерілгеніс еді. Мәйітте зорлық белгілері болды. Адам өлтірді деген күдікпен төрт адам - Аян Мейірбаев, Андрей Тихоненко, Виталий Шерстенев және Нұрбек Әжімбай ұсталған еді.

Серіктес жаңалықтары