Жарақат алғандардың бірі есін жиды

Жарақат алғандардың бірі есін жиды

Жарақат алғандардың бірі есін жиды
ашық дереккөзі
269
Алматыда 18 шілдеде болған атыстан зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Бүгін жансақтау бөліміне түскен 4 адамның бірі есін жиды. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. «Қазіргі таңда екі адамның жағдайы жақсарып, бейінді бөлімшеге ауыстырылды. Дәрігерлер олардың халдерін орташа ауыр, тұрақты және белсенді деп бағалауда. Емделушілердің өздері жүре алады және барлық тиісті емдерді қабылдап жатыр», - делінген хабарламада. Алайда төрт адам әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың бірі есін жиды. Оң өзгерістер байқалады. Қазір жансақтау бөлімінде барлық емделушілерге қарқынды терапия жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілісімен психологтардың мобильді тобы жасақталды. Олар қаза болғандар мен жарақат алғандардың туған-туыстарына психологиялық қолдау, қажет жағдайда тегін түрде арнайы көмектер көрсетіп жатыр. Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша емделушілердің туған-туыстарына ауруханаға келіп, бауырларының жағдайын білуге барлық жағдай жасалған. Естеріңізге сала кетелік, 2016 жылдың 18-ші шілдесінде Алматыда атыс салдарынан жарақат алған адамдар ауруханаларға жеткізілді. Олардың бесеуі Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына, тағы екі адам қалалық орталық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Айта кетейік, бүгін 22 шілдеде Бауыржан Байбек Алматыдағы терактіден қаза тапқан Аян Ғалиевтың отбасына пәтер кілтін табыс етті. Пәтер Алатау ауданы "Саялы" ықшамауданында орналасқан. Сондай-ақ, отбасына жөндеу жұмыстары мен жаңа пәтерде орналасуға көмектесені айтылады.

Серіктес жаңалықтары