Денсаулық – аманатқа берілген Алатаудай бақ

Денсаулық – аманатқа берілген Алатаудай бақ

Денсаулық – аманатқа берілген Алатаудай бақ
ашық дереккөзі
322
Адамзатпен арпалысқан бұл індет санамызды түбегейлі жүз сексенге бұрмағанымен, ағын суды тоқтатқандай, кө­біміздің көп дүниемізге тосқауыл болғаны хақ. Әу баста бұл та­жалға көбісі мән бермеді,  сене алмады, сенгісі келмеді, сенбеді. Халық себептерін сан-сақ­тан іздесе, ғалымдар жан-жақ­тан зерттеді. Денсаулық – жа­ны­мызға Алладан берілетін Ала­таудай бақ! Науқас адам сау адам­ның басынан тәж көргендей, де­ні­міз сауда өмір жап-жарқын, ап-ашық, ғажап, керемет, арман, өлім­нің өзі алыс көрінеді. Десек те, бұ тажалдан соң біздер не түй­дік? Дерт – күнәміз бен қате­лі­гімізге жаза немесе тағ­дыр­ға берілген сынақ. Өйткені көз­ге көрінбейтін кез келген ке­сел адамзатқа даналық пен түйсік әкелуші құбылыс. Мәселен, науқас нені ойлайды? Әрине, үш күндік өмірді, өткенін, бүгінін, ертеңін. Қан­дай іс жасадым, жасамадым де­гендей, өкініш, сағыныш, күнә, сауап, ұрпақ. «Өліп қалсам не бо­лады?» деген сұраққа жүрегі діріл қағады. Одан да Жаратушысынна именіп, тәкаппарлығын сындырсын, шүкір етіп, тәубесіне кел­сін, қалғанын Алланың өзі рет­тейді. Дерт тоқсан тоғыз де­сеңіз, оның тоқсан тоғыз емі бар. Оны­мен күресу – құлшылық, ем­делу – парыз. Дертке көңіл бөл­меу, бетімен жіберу, салғырт қарау, дер кезінде қаралмау, айығуға ниет­тенбеу, жанды дауаламау кү­нәнің ауыры. Мұхаммед (с.ғ.с) пай­ғамбарымыз таң білінерде «Ара­ларыңда науқастың көңілін сұра­ған жан бар ма?» деп, саха­ба­ларына қайырылып отыр­ған. Үш тарапқа бағыт алған адамның әр­бір қадамына сауап жазылады, күнәлары кешіріледі. Бұл ұлы жолдағы, яғни білім алуға аттан­ған, мешітке қарай беттеген, нау­қас­тың көңілін сұрауға шыққан адам­ның әрбір аяқ алысына пе­ріш­телер қанатын төсейді. Шы­ғыс медицина атасы Әбу Әли ибн Синаның «Ауырған адам, емдеуші адам және ауру бар. Қайсысы қай­сысымен бірігеді, солар жеңеді» дегенін де ұмытпаған жөн. Есі­міз­де болсын, рухты шаң басса, дерт ұялайды. Өткеніміз отыз жыл, санай са­латын отыз жылда күн емес. Ал осы отызда өзіміз не тын­дыр­дық? Кеше ғана төтеннен келген тосын індетке бір өзіміз қасқайып қар­сы тұра алдық па? Менің ойым­ша, тәж-тажал сиқы­мызды сы­ндырып тұрып көрсетті. Ала жаз­дай ән салып, той тойлап жүре бер­ген екенбіз. Ең болмаса бір жа­пырақ бетпердені өзіміз шы­ғаратын елден бол­мағаны­мызға өртсіз өртенуге болады. Өзгеден алып, өзімізге сатылған бөтеннің бетпердесі шынайы келбетімізді ашып берді. Өзгенің емес, өзі­міз­дің отыз нәтижемізге өз көзімізді жет­кізейікші, оған кешегі қай­ғы­лы күндер дәлел. Дерт өршігенде иіс дегенді сезбедік, дәм дегенді ұмыт­тық, ауруханалар толды, же­те алмай талықсыдық, тыныс та­рыл­ды, бір жұтым ауа, бір түйір дәрі­ге тәуелді болдық. Ақырында елі­міздің елеулі азаматтарын, кө­рікті көз моншақтарын, ғылым­ның жауһар­ларын, ілімнің гауһар­ларын, шаңырақтың қазына­ла­рын, әркімнің сүйеніштерін қара жер­ге көміп тындық, өзегіміз өр­тен­ді, азалы күйде қалдық. Бар­шы­лықта таршылықпен, тоқшы­лық­та жоқшылықпен өтеміз деп ойламады олар. Бір күнге бұл аз емес, алдағы толқын не дейді, оны бір Алла біледі? Бақыт қайда барады? Әл­бет­те, татулығы ұйыған елге, бір­лігі тасыған жерге. Бағымызды ін­дет кеміре бастағанда, бірін-бірі кінәлаған, әрі-бері тартысқан емес, тыныштық сақтаған бейбіт ел болуымыз керек. Тыныштық кім­ге барады? Әрине, жүрегі мейірімге, рухы иманға толы, кө­кірегі ояу адамға. Жанымыз кір­легенде, мешіттерден қашқан, Жаратушысын ұмытқан емес, иманын иірген, Құдайын таныған білімді ел болуымыз қажет. Ал бі­лім кімде болады? Арманы ас­қақ, талабы таудай, ғылымға құш­тар өскелең жаста. Сондықтан ке­шегі қасіреттен аман қалып, айық­қан біздер бүгінгі демімізге шүкір етіп, өмірімізге өзгеріс ен­гізейік. Ойын-сауыққа отыз жы­лымызды аямай беріп келдік, аз емес шығар, ағайын? Алдағы толқыннан аман шығуға нық се­німде болайық. Ендігі жерде өр­біген ұрпағымызды иманның нә­рімен суарайық, қадамын мешіт пен медреседен бастатайық, ғылым және білімге бағыттайық, еліміздің келешегіне даярлайық. Өйткені олардың келешегін ке­шегі мұңлы күндер болжап берді. Шын­дап келгенде, біздің ел қа­шан­нан иманға, бірлікке, тату­лық­қа зәру. Ал біз бір-бірімізге, ағайынды­лығы­мызға, болашақ ға­лымға, дәрігерге, ұстазға зәру­міз!

Нұрлан қажы БАЙЖІГІТҰЛЫ,

дінтанушы, имам

Серіктес жаңалықтары