__Басты слайдерЖаңалықтар

Егістік науқаны табысты аяқталды

Бүгінгі күні Қазақстанның оңтүстік аймақтарының бес облысында жиын-терін жинау жұмысы басталып кетті. Бүгін «ҚазАгро» холдингінің Басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов Орталық коммуникациялар орталығында егістік жұмыстарын қаржыландыру мәселесі бойынша қолға алынған шараларды қорытындылады. Сондай-ақ, Ұлттық холдингтің басшылары және Қазақстандағы астық холдингтерінің бірінің басшысы Ербол Ташенов республиканың АӨК кооперациялар қызметі мен келешегі туралы айтып берді.

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығындағы басты аграрлық шараларды – егін егу мен оны жинау жұмыстарын қаржыландыру үшін «ҚазАгро» холдингіне 60 млрд теңге сомасына бюджеттік несие берілді (қайтару мерзімі 20.12.2016 жылға дейін.), ол қарыз түрінде Холдинг пен екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) арасында келесі бағыттар бойынша бөлінді (Басқарманың 13.02.16 жылғы № 8 шешімі):

– ауылшаруашылық тауар өндірушілерін (АШТӨ) тікелей несиелеу және шағын қаржы ұйымдары (ШҚҰ) мен ААО арқылы несиелеу (36 млрд теңге);

– әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) кепілдігімен астықты форвардтық сатып алу (15,4 млрд теңге);

– екінші деңгейлі банктер арқылы аймақтағы астық кооперативтерін қаржыландыруға (8,6 млрд теңге).

Осы жылдың 20 шілдесіндегі жағдай бойынша бюджеттік несие шеңберінде 58,4 млрд теңге сомасына 2514 ауылшаруашылық тауар өндірушілері (АШТӨ) қаржыландырылды, егістік алаңы 5 млн гектар.

Соның ішінде, астықты кепілдікпен форвардтық сатып алуға 14,1 млрд.теңге сомасына 1718 АШТӨ қаржыландырылды, егістік алаңының көлемі 2,3 млн. га;

Н. Малеловтың айтуынша, екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) кепілдігімен тікелей несиелеуге шамамен 2 млн гектар алаңға егін егу үшін 36 млрд теңгеге 584 АШТӨ қаржыландырылды.

Басқарма Төрағасы Н.Малелов атап өткендей, бюджеттік несие қаражатының және бюджеттен тыс көздер есебінен 3363 өтінім қаржыландырылды, жалпы 85,3 млрд теңге сомасына шамамен мың бірлік егістік техникалары сатып алынды.

Егер былтыр Холдинг аймақтық астық кооперативтерінің 2 пилоттық жобасына қолдау көрсетсе, 2016 жылдың басынан бастап Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында 10 бірлестікті қаржыландырған.  

Ал көктемгі егістік алаңы 18,5 млн гектар деңгейінде. Дәнді дақылдар шамамен 15,2 млн га алаңға егілген (280,6 мың га. артық), соның ішінде бидай – шамамен 12,2 млн га, (441,4 мың га артық), май дақылдары – 1,9 млн га (89,2 мың га аз), жемшөп дақылдары – 4,0 млн га (254,4 мың га артық), көкөніс-бақша дақылдары мен картоп – 413,7 мың га (11,6 мың га аз), мақталық – 109,3 мың га (10,1 мың га артық), қант қызылшасы – 12,1 мың га (2,7 мың га артық).

Қазіргі жағдайларды есепке алғанда, жиналатын өнім өткен жылдың деңгейінен төмен болмайтыны болжанады (шамамен 18,0 млн тонна), бұл елдің астыққа ішкі қажеттілігі мен экспорттық әлеуетінің шамамен 7,0-7,5 млн тоннасын қамтамасыз етуге ықпалын тигізеді.

Back to top button