Жастар отанға қызмет етсін десек…

Сондай-ақ!

1 желтоқсанда отшашу және бұқаралық іс-шаралар өту-өтпеу туралы белгілі болды

1 желтоқсанда Нұр-Cұлтан мен Алматыда сауда ортылықтары мен қоғамдық көліктің жұмыс режимі белгілі болды. Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі Тұңғыш Президент күні қоғамдық көлік қалыпты режимде...

Маңғыстауда 3 күн теңізде болған жұмысшылар құтқарылды

Маңғыстау облысында 3 күн теңізде болған 7 жұмысшы құтқарылды. Басылымның мәліметінше, жеке компанияның қызметкерлері 3 күн бойы мұздың қатуы салдарынан жағалауға жете алмаған., -...

«Алты мұғалім мен 22 оқушыдан Соvid-19 анықталған» Павлодар облысының бір ауылы карантинге жабылды

Павлодар облысында тағы бір ауыл карантинге жабылды. Себебі Қайырбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің алты мұғалімі мен 22 оқушысына Соvid-19 диагнозы қойылды. Осыған...

Елімізді бәсекеге қабілетті етудің негізгі тетігі жастар екенін ескере отырып, Қазақстан әр жылдары жастарға ар­налған бағдарламаларды кезең-кезеңімен қабылдады. «Жас­тар прак­тикасы», «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Жас­тар­дың кадрлық резервтері», «Мемлекеттік қызмет мектебі» сынды жастарға арналған бастамалар тиісті жалғасын тауып келеді.

Былтыр Елбасы, «Nur Otan» пар­тия­сының Төрағасы Н.Назарбаев қазіргі жастардың барлық сұранысына жауап беретін «Жастар – Отанға!» бағ­дар­ламасын әзірлеуді тапсырған бо­латын. «Әрбір мәслихаттың сайлауалды пар­тиялық тізіміне кемінде 30 пайыз әйел және 35 жасқа дейінгі 20 пайыз жас­тар кіруі тиіс. Сонымен қатар тізімге ха­лықтың түрлі санатының өкілдері, Ота­нына оралған қандастарымыз, мүм­кіндігі шектеулі адамдар, кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері енген жөн», – деді Н.Назарбаев.

Жақында Халықаралық жастар күніне орай 2020-2025 жылға дейін­гі «Жастар – Отанға!» бағдар­ла­ма­сы қабылданды. Әлемнің дамыған ел­дері­нің жастар мәселелері жөніндегі ма­те­риалдарын назарға ала отырып әзір­ленген бағдарлама жастардың жан-жақ­ты дамуына қол жеткізуге және жас қа­зақстандықтардың ең өзекті мәсе­лелерін шешуге бағытталған. Бағдар­ла­маның негізгі міндетіне азаматтық бел­сенділік, сапалы білім, жұмысқа ор­на­ластыру және жұмыспен қамту, жас от­басыларды қолдау және қолжетімді бас­пана, тұлғалық даму және бос уа­қытты тиімді өткізу кіреді. Осы бағыт­тар аясында жастардың өмір сүру сапа­сын жақсарта отырып, олардың бойын­дағы әлеуетін ашуды мақсат еткен бағдарламаны іске асыру орталық және өңір­лік деңгейде келесі шаралар ар­қылы қамтамасыз етілетін болады:

Біріншіден, осы бағдарламаның бағыттарына сәйкес қойылған мін­деттерге қол жеткізу үшін шаралар ке­шені мен нақты индикаторлары бар өңір­лік жол карталары қабылданады. Олар­ды жүзеге асыру еліміздің әрбір ауданы, қаласы және облысы үшін ба­сымдыққа ие болмақ.

Екіншіден, жастар үшін бел­гілен­ген 20 пайыз квота бойынша пар­­­­тияішілік іріктеу-праймеризін іске асыру арқылы белсенді және талантты жас қазақстандықтардың пулы қа­лып­тастырылатын болады. Нәтижесінде, пар­тияның жас өкілдері Қазақстан Пар­ламенті Мәжілісінде және барлық дең­гей­дегі мәслихаттарда бағдарламаны жү­­зеге асыру үшін нақты тетіктерге ие бо­лады.

Үшіншіден, мемлекеттік органдар тарапынан жастар пробле­ма­ларын шешуді жүйелі бақылау үшін «Jas Otan» ЖҚ және «Nur Otan» партиясының ре­сурстары мен әлеуеті пайдаланылады. Бағдарлама әртүрлі категориядағы сту­денттер, жұмыс істейтін, өзін-өзі жұ­мыс­пен қамтыған, шығармашыл, ауыл, қала жастары, жас кәсіпкерлер мен ға­лымдардың қызығушылығымен жас­тар­дың сұранысына сай жауап береді.

«Жастар – Отанға!» бағдарлама­сы­ның қолдау шаралары белгілі дәреже­де барлық санаттағы жастардың мүд­де­ле­рін қамтиды. Талдап айтар болсақ, бағ­дар­лама аясында жастардың елдегі сая­си-қоғамдық өмірге қатысуын жан­дандыру мақсатында «Nur Otan» пар­тиясы праймеризіне белсенді қатысуын, пар­тияның түрлі бастамаларына, пар­тиялық органдардың жұмысын жүзеге асыруға араласуын қамтамасыз ету көз­делген.  Парламент Мәжілісі мен бар­лық деңгейдегі мәслихаттарда жас­тар ұйымдарының қатысуымен жыл сайынғы жастар мәселелері бойынша тың­далым өткізу – бағдарламаның ба­сым бағыттарының бірі. Мәселен, мем­лекеттік гранттар мен корпоратив­тік секторды тарту есебінен жастар ұйым­дарының жобалары мен бастамаларын қаржыландыруды ұлғайтуға ықпал ету тетігі қарастырылған.

Бүгінгі таңда сапалы білім  адам­ның басты бәсекелестік басым­дық­тарының біріне айналды. Қазақ­стан­да жастардың бойында еңбек на­ры­ғындағы сұранысқа ие кәсіби дағ­дылар мен білімді қалыптастыруға басты на­зарды аудару қажеттігі аз айтылып жүр­ген жоқ.  «Жастар – Отанға!» бағдар­ламасы жастарды қолжетімді сапалы білім берумен қамтамасыз ету мақса­тын­да  қала және ауыл мектептерінің ара­сында білім сапасындағы алшақ­тық­ты азайтуды, білім беру ұйымдарындағы материалдық-техникалық базаны және цифрлық инфрақұрылымды нығайту, жоғары білім сапасын және жастардың ғы­лыми-зерттеу әлеуетін арттыру бағы­тын­да ауқымды жобаларды қолға ал­мақ.

Елдегі мектептер, колледждер мен университеттердің IT инфра­құры­лымын және техникалық жаб­дық­талуын жақсарту, онлайн-оқытуды да­мыту, олимпиадаларға, ҰБТ-ға, дип­лом­дық, ғылыми жұмыстарға дайындық ар­қылы IT технологиялардың жаңа же­тістіктерін оқу процесіне енгізуге жә­не 2025 жылға қарай он қаза­қ­стан­дық университеттің QS World University рейтингісінің үздік 500 тізіміне енуіне ық­пал етуге басымдық беріп отыр. Со­ны­мен қатар жас ғалымдардың жо­ба­ларын гранттық қаржыландыруды ұлғай­ту арқылы ғылымға қызығатын жас­тар санының өсуіне ықпал етуге ба­са назар аударылмақ. Жас ғалымдардың ғы­лыми жобаларын жеке сектордың қар­жыландыруына қол жеткізу мен олардың халықаралық ғылыми жобалар мен байқауларға тұрақты қатысуына қол жеткізу қарастырылған. Бұл – бо­лашақта қазақ жастарының ғылым мен бі­лім саласындағы жетістіктерін арт­тыруға ықпал етеді.

2019 жылғы ресми мәліметтерге сәй­кес, елімізде 29 жасқа дейінгі жұ­мыссыз жастардың саны 84,7 мыңға жетті, бұл – экономикалық белсенді аза­­­м­аттардың 3,8 пайызы. Сонымен қа­тар коронавирус пандемиясы жұ­мыс­сыздық мәселесін ушықтырып, жұ­мыссыздардың жаппай көбеюіне әке­ліп соқты. Осыған орай, мемлекеттік орган­дар елдегі жастар арасындағы жұмыс­сыздықтың шынайы деңгейін қайта қарастырады. Осы бағытта бағдарлама ерекше қажеттіліктері бар жастарды жұмыспен қамтуға және оларға арнап жұмыс орындарын құруға қол жеткізуді мақсат етіп отыр. Жоғары білім алған ма­­­мандарды «Жастар практикасы» жо­басы бойынша әрі қарай жұмысқа орналастыруға ықпал етуге күш салып, «IT-мамандар пулы», «PR-кеңесшілер пулы» және т.б. саланың жас мамандары үшін ішкі байланыс арқылы жобаларды дамытуға және іске асыруға ықпал ет­пек.

Ал жас отбасыларды қолдау және қол­жетімді баспана бағыты бойын­ша жастардың баспана алуына барын­ша жағдай жасау көзделіп отыр. Сонымен қатар еліміздің барлық өң­і­ріндегі жұмысшы жастарды жалда­малы тұрғын үй құрылысымен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. 2022 жылдың соңына қарай 75 мың орындық жаңа сту­денттер жатақханасы салынбақ. Осы орай­да университет студенттерінің кем дегенде 30%-ын жатақханамен қам­тамасыз ету туралы талап заңнамалық тұрғыдан бекітілетін болады.

«Жастар – Отанға!» бағдарлама­сының бесінші бағыты жастардың тұл­ғалық дамуы мен бос уақытын тиімді өт­кізуге арналған. Статистикаға көз жү­гіртсек, 2018 жылғы мәліметтерге сәйкес Қазақстанда жастар арасында өк­пе туберкулезімен ауыратын – 2 631, қатерлі ісік ауруларымен ауыратын – 681, психикалық және мінез-құлық ауыт­қулары бар – 42 458, АҚТҚ-жұқ­па­сын жұқтырған 520 жас азамат тіркел­ген. Сондай-ақ бірінші кезекте ерте жүктілік, түсік тастау, бедеулік сынды реп­родуктивті денсаулық мәселелері тұр. Осы ретте жастар арасында са­лауат­ты өмір салтын насихаттау маңыз­ды. Сонымен қатар жастар арасындағы қы­лмысты азайту, оқушылар мен сту­дент­тер арасындағы дискрими­на­ция­ның, қорлау мен зорлық-зомбылықтың алдын алу және білім беру ұйымда­рын­дағы әлеуметтік педагогтардың, пси­хологтардың жұмысын күшейтуге ық­пал етуге күш салынбақ.

2025 жылға дейінгі «Жастар – Отан­ға!» бағдарламасы тиімді жү­зеге асырылса,  жастардың еліміздің қ­оғамдық-саяси өміріне араласуы артады, қазақстандық білім беру сапасы жақсарады. Тиісінше, жастар еңбек нарығында өздерін лайықты жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді, олар үшін тұрғын үй қолжетімді болады және жастардың үздіксіз жаңа білім алу­ға деген ұмтылысы үйреншікті әдет­ке айналады.

Арайлым ЖОЛДАСБЕКҚЫЗЫ

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

«Итаяғың болар еді алтыннан, иттің тісі батпағанда желкеңнен» Сабыр Адай Жаңаөзенді жырлады

Төмендегі видеода ақын Сабыр Адай және Светқали Нұржан өлең оқиды. Жаңаөзен қаласы,...

Әлемде қанша адам құлдықта жүр?

Адамды еркінен айырып, құлдықта ұстау – әлемдегі еі ауыр қылмыстардың бірі. Оны...
ПУТИН

Путин Қазақстанда өтетін парламент сайлауы туралы ойын айтты

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанда өтетін парламент сайлауы турлалы мәлімдеді, деп хабарлайды. Путин...
Хабиб

Хабиб Қазақстанда турнир өткізеді

Мәскеуде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Хабиб Нұрмағомедов Қазақстанда турнир өткізетінін айтып өтті,...

Өзбекстан азаматы шекарада есірткімен ұсталды

Polisia.kz хабарлауынша, Түркістан облысында «Жібек жолы» шекара бекетінде есірткі алып алып бара...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...