Алматыдағы «Aport» ойын-сауық орталығының маңынан өрт шықты

Алматыдағы «Aport» ойын-сауық орталығының маңынан өрт шықты

Алматыдағы «Aport» ойын-сауық орталығының маңынан өрт шықты
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде Алматыдағы «Aport» сауда, ойын-сауық орталығының маңынан шыққан өрттің видеосы тарады. «17 тамызда сағат 13:20-да өрт сөндірушілер Алатау ауданы Райымбек даңғылы, 529 мекенжайындағы өртке шықты. Жеті минуттан соң жеткен өрт сөндіру бөлімшелері түтіннің қай жерден шығып жатқанын анықтады. Екі жерден құрғақ шөп жанып, өрт қоқысқа ұласқан, соның салдарынан қою қара түтін пайда болды», – деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен. Қабылданған шаралардың арқасында, жалынның таралуы 20 минутта тоқтатылып, сағат 13:56-да толығымен сөндірілді. 700 шаршы метр жер жанған. Тілсіз жаумен күреске екі техника, 13 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.