Карантин: демалыс күндері қандай нысандар жұмыс істемейді?

Карантин: демалыс күндері қандай нысандар жұмыс істемейді?

Карантин: демалыс күндері қандай нысандар жұмыс істемейді?
ашық дереккөзі
ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың жаңа қаулысына сәйкес, демалыс күндері көптеген нысандардың жұмысына тыйым салынады. Атап айтқанда, демалыс күндері қоғамдық көлік қозғалысын, 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуын шектеу қала береді. Ал сауда-ойын-сауық орталықтары ондағы азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда үйлерінің сауда желілерінің жұмысы тоқтатылады. Азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлары жұмысы істемейді. Сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА орталықтарының, косметологиялық қызмет көрсететін нысандардың жұмысы да тоқтайды. Фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтары, қоғамдық моншалар, сауналар жабылады. Балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының, түзету кабинеттерінің жұмысы, ашық ауада аттракциондардың жұмысы тоқтата тұру бойынша шектеу шаралары енгізіледі.