243
Елімізде дизельді автобустар сатып алуға тыйым салынуы мүмкін
Елімізде дизельді автобустар сатып алуға тыйым салынуы мүмкін
Бұдан былай дизельді отынмен жүретін қоғамдық көліктерді сатып алуға тыйым салынуы мүмкін. Алматының экологиялық ахуалын талқылау барысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов осындай ұсыныс айтты.
Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапановтың айтуынша, қалада қоғамдық көліктер белсенді түрде газға ауыстырылуда. Сонымен қатар, экологиялық таза 130 автобус сатып алынбақ.
"Десек те, қаладағы автокөліктер негізгі ауа ластаушылардың бірі болып қала береді. Күн сайын қала көшелерінде 700 мыңға жуық көлік жүреді. Бұл мәселені шешу үшін халықаралық тәжірибеге сүйеніп, ауқымды көлік реформасын жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі күні Алматыда 400-ге жуық автобус газбен қозағалады. Сонымен қатар, 10 электр автобусы бар. Сіздердің (ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі – ред) қолдауларыңызбен электр автобустарының санын көбейтуді жоспарлап отырмыз. Қоғамдық көліктер паркін жаңарта отырып, біз зиянды заттар шығарындыларын азайтамыз", - деді қала әкімінің бірінші орынбасары.
Мәселені шешу үшін Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасовт 2023 жылға дейін газбен жүретін автобустардың санын 500-ден 2 мыңға жеткізуді ұсынды. Сондай-ақ, ол дизельді қозғалтқышы бар қоғамдық көлікті сатып алуға заң жүзінде тыйым салу қажеттігін айтты.