Өзбекстан Бас прокуратурасының хабарлауынша, марқұм 4 тамызда Ресейдің Қазан қаласынан Ташкентке ұшып келіп, бірден карантинге жатқызылған. 7 тамызда одан коронавирусқа сынама алынған. Сынама теріс нәтиже көрсеткен.
Туыстарының сөзінше, ер азаматтан соңғы кезде психикалық өзгерістер байқалған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.
Айта кетейік, пандемия басталғалы Өзбекстанда 32 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды. Індеттен 204 науқас көз жұмды. 23 мыңнан аса адам емделіп шықты.
354
Карантинде жатқан азамат 4-қабаттан секіріп, мерт болды
Карантинде жатқан азамат 4-қабаттан секіріп, мерт болды
Ташкенттегі "Саёхат" қонақ үйінде карантинде жатқан 31 жастағы азамат төртінші қабаттан секіріп, қайтыс болды.