3 Тамыз, 14:31 444 0 Жаңалықтар Анар ЛЕПЕСОВА

COVID-19: Қазақстанда 8,5 мыңнан астам дәрігер індет жұқтырды

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Елімізде індет таралғалы бері 8 518 дәрігер қатерлі вирус жұқтырған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлім етті. 

«Елімізде коронавирус инфекциясы расталған медицина қызметкерлерінің саны -  8 518 адам. Бүгінгі күні дәрігерлердің арасында өкпе қабынуымен ауырғандар туралы мәлімет жоқ», - деді вице-министр.

Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министі Алексей Цой медицина қызметкерлеріне өтемақы беру мәселесінде әрбір жағдай жеке әрі жіті зерттелетінін айтқан болатын.

«Көп адам медицина қызметкерлеріне өтемақы берер кезде тамызға, яғни коронавирус пен пневмония статистикасы біріктірілгенге дейін анықталған адамдар одан сырт қалмай ма деген сұрақ қойып жатыр. Біз бұл бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз. Міндетті түрде мәселені жіті зерттейміз. Әрбір жағдай жеке талданады. Біздің әріптестеріміздің ешқайсысы бұл мәселе бойынша алаңдамай-ақ қойсын», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар