1235
Жер мәселесі 100 жыл бұрын да сөз болған
Жер мәселесі 100 жыл бұрын да сөз болған
XX ғасырдың басындағы қазақ қайғы-қасіретінің бірі – жер дауы еді. Қазақтың басына қара бұлттай үйіріліп, 1906-1912 жылдары 17 миллион десятина жер орыс шаруаларына (мұжықтарға) берілді. Қазақтар атақонысынан күштеп аластатылып, егінге шұрайлы, малға қолайлы жерлер мұжықтардың еншісіне өтті. Қазақ басына төнген зобалаң заманда Алаштың арыстары жер мәселесін назардан тыс қалдырмады. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов сынды алаш қайраткерлері «Қазақ» газетінде ұлттың тілі мен жерін сақтап қалу туралы мақалалар жариялады. Бұл мақалалар қазіргі оқырмандардың назарын аударып, қызығушылық тудыратынына күмән келтірмейміз.
Редакциядан
Төртінші дума һәм қазақ
...Переселен бастығы Глинка сөйледі: «Біз мұжыққа жер бергенде қазақтан артық жерді ғана береміз. Қазақты көшпелі деп есеп қылып, жаңа закон шығарып, жер берсек, мұжыққа артық жер қалмайды, біздің тұрғын жұртқа жер белгілеп беретін закон жобасын шығара алмай күбежектеп тұрғанымыз осы деді. Көшпелі қазаққа мәңгі ғұмырлық деп жер беруге тіпті керек емес, сол үшін қазаққа мұжықша, мұжықпен бірдей надел жер алсаң береміз деп едік, қазақ шырғаға түскен құстай сұранып, топырлап өз еркімен мұжық болып жер алып жатыр. Мұнан былай ол қазақ алған наделде үкіметтің жұмысы жоқ», – деді турашыл Глинка бей.
...Қазақ жүрген жерді кім болса сол алып, сұрап алып, мирастап алып өзінікі қылмақ, жалғыз-ақ бұл жол – қазаққа жоқ. Бұл жасалып жатқан жаңа закон арқылы қазақ байлары мен де оброчная статьяны арендаға аламын, сонан соң сатып алып, балама мирас қыламын десе, бұл закон қарсы болады.
Қыр баласы
«Қазақ» газеті, №1-44, 1913 жыл
Башқұрд жері
«Қызым саған айтам,
келінім сен тыңда»
Самара губернесінде біраз башқұрт бар. Бұлардың жері өзінікі. Әр үй өз жерін сатам десе ерік. Мұжық башқұрт деген жерін сатса ерік деген белгілі 9 ноябрь 1906 жылғы указ шықты. Өз жеріне өзі қызмет қылмаған башқұрт, сонан бері жерді сата бастады.
Самара губернесінде Николай оязынан Күзебай болысында башқұрт жерді десетинасын 13-16 сомнан сатты. Базар бағасы 80-100 сом болып тұрғанда. Мақсат қаласы 11 мың десятина жерінен 6 мың, яғни 54 проценттен артық сатылды.
Күзебай қаласы 10 мың 500 десетинеден 5 мың 800, яғни 55 проценттен артық сатты, Акир қаласы 6 мың 675 десетинеден 4 мың, яғни 60 процент кем сатты, Абдолла қаласы 5 мыңнан 2 мың 200, яғни 44 процент сатты. Қонақбай қаласы 10 мыңнан 600 яғни 56 процент сатты. Оразай қаласы 12 мыңнан 7 мың 400, яғни 62 процент сатты. Жалғыз Күзебай болысы 75 мың десятина жерінен 40 мың – яғни 53 проценттер артық сатып жіберген.
15-ке жақын отырған қазақ осы башқұрт ағайынның аяғын құша ма деп қорқам. Әуелі жер бергенде қалаға беріп, аз уақыт өткен соң 14 июнь 1910 жылғы законды жүргізсе, біздің қазақ ана башқұрт артынан кетеді. Бұл законда қаладан жерімді бөліп алам десек ерік. Қазақта үй басы 45 десетинесін тіліп алып, сатып жіберер.
Қала болған қазақ законда мұжық тонын киіп тұр. 14 июнь 1910 жылғы закон мұжыққа шыққан.
Қыр баласы
«Қазақ» газеті, №147, 1915 жыл.
Самар қаласы
Запрос
15-інші майда шыққан «Речь» газетінің 132 нөмірінде Орскіден тілші жазады: «Переселен бастығы Чиркин, Государственни Дума ағасының ізбасары Варон-Секрет Қостанай оязының оңтүстігіне кетті. Варон-Секрет қазақ жерінен 10-15 мың десятина жер алмақ. Бұл жер Шолақай қаласына жақын болса керек. Осы жерді екі мырза көргенде қазақ болған шығар».
Жер бұрын мұжыққа берілуші еді, енді Варон-Секрет телмірді. Бұл законда жоқ. Міне запрос. Мұның анық дәлелі қайдан табылады?
Қыр баласы
«Қазақ» газеті, №183, 31 мамыр, 1916 жыл.
Самар қаласы
Петроград хаты ІІІ
«Бөкейлік жері біздің өзге қазақ жеріндей емес. Өзге қазақ жерін өзі қайрат қып алған. Жұрт патшаға қарағанда жерімен қараған. Қазақ жері патша жері дегенмен, қазақтан «артылған» жерді қазына алады деген. Мұжыққа жер алғанда «артық» деп алып отыр. Қазақ жұрты бұған дауласу керек. Маған беретін жерді, сыбағаны бер де, «артығын» ал деп. Осы артықты оңайладым деп, қазаққа «өзің сұранып» 15-ші ал деп отыр. Біз осы өлі баспақты бұзау деп, өзіміз сұранып отырмыз. Бұл біздің соқырлығымыз.
Государственни Думада көп жақтың аты бәйге алады. Біз көпте де жоқпыз, атымыз жүйрік те емес, мұны қазақ ұмытпасын! Жақсылыққа оңайлықпен қолжететін көрінбейді».
Ғали хан
«Қазақ» газеті, 1916 жыл
Петроград хаты І.
... Мұсылман фраксиясы саяси әдіс блокке қарсы болмайық деп, 762-дегі қазақ еврей қосағынан шеш дей алмады, бәрібір сөз тәуелсіз қалатын болған соң. Бұратана құрдастығы деп өзіміз закон жобасын кіргіземіз, сонда блок біздің тастамас деді. Мұны 7-нші июнде мұсылман фраксиясы атынан Хатимов сөйледі. Бұл закон жобасын мұсылман фраксиясы осы күз Государственни Думада кіргізбек.
Кадет партиясының сол жағы, трудовик партиясы закон болмаса да саяси кодымызды бермейміз деп, 762 жоқ болсынды айтып қалмақ. Біздің қазаққа мұнан келер-кетер жоқ.
7-нші июнде мұсылман фраксиясы һәм бюро мәжіліс құрды, болатын жұмысты реттей бастады. Кезекке жазылған істер мынау болды:
- Мұсылман оқу жұмысы;
- Айтылған бұратана құрдастығы;
- Рухани іс өзгерілу;
- Қазақ жері һәм;
- Өзге саяси уақ істер;
- Учредительное собраниеде жер мәселесі ашылғанша бұл күнге шейін мұжық орнамаған участкілер, мұжық жамансынып тастап кеткен жерлер, отробной, оброщной статьялар мал бағуға деп һәм монострски учаска деп алған жерлердің бәрі бұрынғы иелеріне (қазаққа) қайтарылсын. Законсыз ұзын срокпен арендаға берілген мал бағатын участкалар да иелеріне қайтарылсын. Қымыз ішуге ашылған ауруханаларға алынған жерлер иелеріне қайтарылсын. Жаңадан алуға жоба жасалған жерлерге енді мұжық жазу тоқтатылсын.
- Жер алу дала уалаяттарында һәм Түркістанда тоқтатылсын. Алуға жоба жасалған жерлердегі қазақтардың қыстауы көшірілмесін. Айрықша қазына мүлкі саналған ағаш ішіне кеткен қазақтың егіндік, пішендік мүлкі һәм жайылымына жаңадан бөлік болып, бұрын жасалған шекара түзетіліп, қазақтан орынсыз алынған егіндік-пішендігі, қайтсын. Бұл ағаштардың арасындағы шөбін қазақ тегін шапсын һәм қыс мал жаюға ерік берілсін. Қазақтың өзі қорыған ағашы өзіне қайтсын. Ағаш маңындағы кедей қазақтарға қора-қопсы салуға ағаш берілсін.