"Ирина Кайратовна" тобының мүшесі Алдияр Жапарханов көпшіліктен белгілі продюсер, әзілкеш НұрланҚоянбаевпен жау қылмауын сұрады, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Нұрлан Қоянбаев менің экс басшым, оның қол астында жұмыс істегенмін.
Оны қалай құрметтейтінімді ағаның өзі де біледі.
Өтініш, хайп үшін, бізді жау қылмай, түрлі мысалдарды келтірмей-ақ қойыңдар.
Нұрекенің қазақ киносына жасаған жұмысын ешкім жоққа шығармайды, соңғы тредсты де түсініспеушілік болмасын деп өшірдім.
Әзілді әзіл ретінде қабылдап, тырнақтың астынан кір іздемеңдер", – дейді ол.