Италияда қоғамдық орындарда маска тақпағандар 1 мың еуро айыппұл арқалайды

Италияның Кампания аймағында қоғамдық орындарда маска тақпағандарға салынатын айыппұл көлемі 1 мың еуроға дейін өсті.

The Local-дың хабарлауынша, жексенбі күні Салерно қаласында үш мекемеге  айыппұл салынған. Олар жұма күні қабылданған масканы жабық мекемелерде тағуды талап ететін жарлықты орындамаған.

Жарлық бойынша жабық мекемелерде, қоғамдық орындарда, супермаркеттерде, барларда, мейрамханаларда, дүкендер мен қоғамдық көлікте маска тақпағандарға 1 мың еуро мөлшерінде айыппұл салу көзделген.

Ережеге сәйкес, көлік операторлары маска тақпаған жолаушыларды кіргізуге тыйым салуы тиіс. Егер мұндай жолаушылар көлікке мінсе, оларға айыппұл салынып,көліктен түсіріледі. Егер олар жүргізуші талабын орындамаса, полиция шақырылады.

Коммерциялық қызметті жүзеге асыру кезінде маска тағу талабын орындамағаны үшін кәсіпорындар да жазаланады. 1 мың еуро айыппұлдан бөлек, бизнес 5-тен 30 күнге дейінгі мерзімге жабылуы мүмкін.

Соңғы дерек бойынша, Италияда коронавирус жұқтырғандар саны 242 мыңнан асты. Елде індеттен 35 мыңнан астам адам көз жұмды. 

 

Back to top button