«Jas Otan» мүшелері ауруханаға азық-түлік жеткізді

«Jas Otan» мүшелері ауруханаға азық-түлік жеткізді

«Jas Otan» мүшелері ауруханаға азық-түлік жеткізді
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының өкілдері Петропавлдағы провизорлық стационарға азық-түлік жеткізді. Медицина қызметкерлері су, жеміс-жидек, көкөніс, бал және қымызбен қамтылды. Көмек ішінде антисептикалық құралдар мен гигиеналық керек-жарақтар да бар. Барлық көмекті «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы аясында жеткізіп берді. Жиналған өнім Петропавл кәсіпкерлерінің демеушілігімен сатып алынған. Олар осылайша партия өкілдерінің медицина қызметкерлеріне көмек көрсетуін қостап жатыр.  width= - Азық-түлік жиынтықтары мен антисептиктер барлық 5 жергілікті провизорлық орталыққа жеткізілетін болады. Осылайша біз күндіз және түнде жұмыс істейтін дәрігерлерге алғыс білдірдік. Сонымен қатар, осындай көмек үшін біздің демеушілерімізге мың рақмет! Демеушілердің қатарында «Радуга» ЖШС мен «Южный», «Дария», «ЦОТ» базарлары бар, - деп атап өтті «Jas Otan» ЖҚ СҚОФ кеңесшісі Әкімжан Төлебай. Провизорлық стационар Солтүстік Қазақстан университеті жатақханасының базасында жұмыс істейді. Орталық 200 төсекпен жабдықталған. Науқастарды емдеу және күтумен 40 медицина қызметкері айналысады.  width= - Қазір әрбір қызметкерге қиын. Әрине, бәрі шаршаған. Бізге ылғи партия мүшелері мен кәсіпкерлер келіп, қандай зат қажет екенін сұрап отырады. Алғысымыз шексіз, - деді бас медбике Ирина Зайнутдинова. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясының Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша аудандық филиалы өкілдері «Дәрігерлерге рахмет» акциясы аясында Келлеровка ауылының провизорлық стационарына су, азық-түлік және гигиена құралдарын жеткізді. Бүгінгі таңда провизорлық стационарда пневмониямен және коронавирус инфекциясымен ауырған 53 пациент ем алуда. Оларды 12 медицина қызметкері емдеп жатыр. Партия өкілдері дәрігерлерге 50 литр ауыз су, қымыз бен тәттілер, шай, қоюлатылған сүт, консервілер, майлықтар, қағаз сүлгілер және дәретхана қағазын тапсырды. «Nur Otan» партиясы Тайынша аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сәрсенбай Бекшеновтың айтуынша, «Дәрігерлерге рахмет» акциясы аясында пандемия кезінде еңбек ететін медицина қызметкерлерін қолдау жалғаса бермек. - Біздің белсенділердің күшімен азық-түлік жиналды. Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, «Тайыншинские вести» аудандық газетінің бас редакторы Ольга Соболевская көмектесті. Келлеровка селосы стационарының медицина қызметкерлері соңғы уақытта күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Сол үшін оларды қолдау керек. Көптеген аудан тұрғындары біздің ақ халаттыларға алғыс айтып жүр, - деді Сәрсенбай Бекшенов. СҚО Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, өңірдегі инфекциялық стационарларда 480 орын бар, провизорлық стационарларда 1620 орын қарастырылған. Қосымша Уәлиханов ауданында 10 инфекциялық төсек-орын жабдықталған. Сонымен қатар, облыстық перинаталдық орталықта 10 шілдеден бастап 25 орындық карантиндік стационар және 20 адамға арналған провизорлық стационар ашылған.