Жасотандықтар Махамбет ауданының дәрігерлеріне алғыс білдірді

Атырау облысында «Jas Otan» Жастар қанатының ұйымдастыруымен «Дәрігерлерге алғыс» акциясы қолға алынған болатын. Аталған шара Махамбет ауданында жалғасын тапты.

«Jas Otan» ЖҚ  аудандық филиалының еріктілері провизорлық орталықта қызмет етіп, індетпен тікелей күресіп жатқан ақ халатты абзал жандарға себет  табыстады. Себетте иммунитетті нығайтуға қажетті азық-түлік өнімдері бар.

Акцияның мақсаты – пандемия кезінде өз өмірлерін қатерге тігіп, бүгінгі күннің батырларына айналған медицина қызметкерлеріне алғыс білдіру.

«Көмек көрсетіп жатқандардың бәріне рақмет айтамыз. Әкімдік, еріктілер тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. Әсіресе, оттегі аппаратын алуға қаражат жинап, кейін қайырымдылық эстафетасына ұластырып жіберген махамбеттік белсенді жастар Бұлан мен Айданаға көп рақмет. Олардың бастамасымен бүгінгі күні ауруханамызға қажетті аппараттар, қорғаныш киімдері келді. Кәсіпкерлер де қол ұшын созудан аянып қалған жоқ. Баршасына мың алғыс», – дейді дәрігер-эпидемиолог Гүлмира Жылқыбаева.

atyraw2

Back to top button