Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің «Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу» бабы бойынша бірнеше компанияға қатысты іс қозғалып, шешім шықты. «Актюбфармцентр» ЖШС-не 7 миллион теңгеге жуық әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ «Қамқор Компани ЛТД» ЖШС, «Хасан Ойл» ЖШС, «Сарис фарм» ЖШС, «Старченко» ЖК 722 280 теңге әкімшілік айыппұл айыппұл төлейді», – деп хабарлады облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі. Сонымен бірге «Актюбфармцентр« ЖШС, «Лагодич« ЖК қатысты іс әкімшілік сотқа жіберілді.
Жүктелуде...