Алматы маңында аюдан қашып, палаткаға тығылған төрт турист құтқарылды

Алматы маңында аюдан қашып, палаткаға тығылған төрт турист құтқарылды

Алматы маңында аюдан қашып, палаткаға тығылған төрт турист құтқарылды
ашық дереккөзі
Республикалық жедел-құтқару отрядының (РЖҚО) құтқарушылары Алматы маңындағы Іле Алатауына саяхатқа шыққан төрт туристі ажалдан аман алып қалды. ҚазАқпараттың жазуынша, Іле Алатауы көркіне көз тоймайтын көркем өлке. Аң-құсқа бай аймақ. Карантин уақытында адамдар демалу үшін ол жаққа баруды азайта бастады. Содан да болса керек, жабайы аңдар ылдиға түсуді жиілеткен. «17 шілде күні түнде Республикалық жедел-құтқару отрядының кезекші бөліміне төрт туристің көмекке зәру екені туралы хабарлама келіп түсті. Төрт жігіт Алма-Арасан аңғарының тұсына жақындап, сол жерге уақытша тұрақтаған. Енді үйлеріне жинала бергенде жақын маңнан түз тағысының гүрілдеген дауысы шығыпты. Оның аю екенін байқаған жігіттер палаткаға тығылып қалады. Іште отырып, төрт жігіт аюдың маңайды тіміскілеп жүргенін сезеді. Аю кеткен. Қараңғылық түскеннен соң туристер қайда барарын білмей дал болыпты. Олар полицияға хабар беріп, оқиға орнына РЖҚО қызметкерлері жеткен», – делінген хабарламада. Үрейленген туристерді құтқарушылар полиция қызметкерлеріне тапсырды.