Орал қаласы маңында орман алқабы өртеніп жатыр

Орал қаласы маңында орман алқабы өртеніп жатыр

Орал қаласы маңында орман алқабы өртеніп жатыр
ашық дереккөзі
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, өрт 17 шілде күні кешкісін басталды. Қала маңындағы 2-саяжай аумағындағы «Урожайный» саяжай қоғамынан 5 км жерде 4 га орман алқабы мен 8 га жерде құрғақ шөп өртенді. Қазіргі таңда «тілсіз жауды» ауыздықтауға БҚО ТЖ департаментінен 75 қызметкер, 17 техника, ерікті өрт сөндіру құрылымынан 5 адам, 5 техника, орман шаруашылығынан 8 адам, 1 техника, полиция департаментінен 6 қызметкер, 3 техника жұмылдырылған.