Роза Мұқанова: Үндеу халықтың жүдеген еңсесін тіктеуге шақырды  

Роза Мұқанова: Үндеу халықтың жүдеген еңсесін тіктеуге шақырды  

Роза Мұқанова: Үндеу халықтың жүдеген еңсесін тіктеуге шақырды   
ашық дереккөзі
374
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әр қазақ – ме­нің жалғызым» дегендей, әрбір азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады» деген сөзі  қолқамызды қарып өтті. Шынын айтсам,  жанарыма жас келді.  Халықтың басына қара бұлт үйірілген мынау тажалға шырылдап ара түскен дәрігерлерді, ат үстіндегі азаматтардың еңбегін, ақырында осы індетке өздері ілігіп кеткен арыстай азаматтарымызды ойлағанда жаныңды қоярға жер таппайсың. Қиын... Бірақ сол қиындықты жеңетін сабырды, бірлікті айтты Президент. Бірігіп қана жеңе алатынымызды айтты. Дәл осы қасіретті от жа­ғып ойнағысы, саяси саудаға айналдырғысы келетіндер де аз емес. Бұл нәубеттен де оңай олжа, оңай ұпай жинап «аңқау елге – арамза молда» болғысы келетіндер де бар... Талай сынақты бастан кешкен қазақ халқы бұл сыннан да мүдірмей өтер. Өз ба­сым елімнің амандығын тіледім. Елге қорған болып, толарсақтан саз кешкен аза­маттарға амандық тілеймін.  Бұл қиындықтан да Алла қаласа, құтылатын күн алыс емес шығар.

Серіктес жаңалықтары