8 Шілде, 19:02 530 0 Экономика Анар ЛЕПЕСОВА

COVID-19: Індетпен күреске 192 млрд теңге бөлінді

Елімізде коронавирус індетімен күрес жұмыстарына республикалық бюджеттен 192 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді.

Бұл туралы ҚР Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов мәлімдеді.

«Бүгінгі күнге коронавируспен күреске республикалық бюджеттен 191,9 млрд теңге бөлініп отыр. Оның 125 млрд теңгесі бюджетті нақтылау аясында, 66,9 млрд теңгесі Үкімет резервінен бөлінген», - деді вице-премьер.

Берік Шолпанқұлов бөлінген қаржының мақсатты түрде жұмсалуы қатаң бақылауда болатынын айтты. Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан Медициналық қызметтер сапасын бақылау комитеті арқылы да көрсетілетін медициналық қызметтерге бақылау жүргізілмек.

 

Соңғы жаңалықтар