Семей қаласының әкімінен коронавирус анықталды

Семей қаласының әкімінен коронавирус анықталды

Семей қаласының әкімінен коронавирус анықталды
ашық дереккөзі
206
Семей қаласының әкімі Ермек Салимов коронавирус жұқтырды. Бұл туралы шаһар басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға үндеді.  "Бүгін Covid-19 анықтау мақсатында тапсырған тест оң нәтиже бергені белгілі болды. Шектеулерге қарамастан көп адамдармен белсенді түрде тығыз байланыста жүргізілген жұмыстар өз әсерін көрсетті деуге болады. Бүгінгі күннен бастап қатаң оқшаулау режимінде боламын. Мүмкіндігінше онлайн жұмыс жүргізуге тырысамын. Барлық семейліктерді сақтық шаралары мен санитарлық қызметтердің ережелерін сақтауға шақырамын. Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!", – деп жазды Ермек Салимов Іnstagram парақшасында. Айта кетейік, бұған дейін Алматының бас санитары Жандарбек Бекшиннің коронавирус жұқтырғанын хабарлағанбыз. Ал індеттен емделіп шыққан вице-премьер Ералы Тоғжанов қызметіне қайта кірісті.

Серіктес жаңалықтары