Елордалықтар ашық аспан астында кино тамашалай алады

Елордалықтар ашық аспан астында кино тамашалай алады

Елордалықтар ашық аспан астында кино тамашалай алады
ашық дереккөзі
316
Елорда күнінде тұрғындар отандық және әлемдік кинематографияның үздік туындыларын тамашалай алады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. Нұр-Сұлтан тұрғындары мен қала қонақтары кинотуындыларды 1-7 шілде аралығында күнде 21.00-де тегін тамашалайды. "Қазіргі уақытта барлық кинотеатрлардың жұмысы тоқтатылды. Осы жағдайды ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен Enterprise кинокомпаниясының қолдауымен 1-7 шілде аралығында Nur-Sultan autocinema festival жоспарланды. Авто-кинотеатр "Астана Арена" cтадионының аумағында Қабанбай батыр даңғылы бойында ұйымдастырылады", – делінген хабарламада. Көрермендер өз көліктерінде отырып-ақ, "Қыз Жібек", "Менің атым Қожа", "Біздің аяулы дәрігер", "Алпамыс мектепке барады", "Путь Лидера" киноэпопеясы, "Ақсақ құлан», сондай-ақ шетелдік "Джон Уик", "Приключения Питера Пэна", "Астерик и Обеликс" сияқты фильмдерді тамашалай алады. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар қауіпсіздік шараларын естен шығармауды ескертеді. Яғни, міндетті түрде маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет, санитайзерлер қолдану керек. Айта кетейік, көрсетілімде ерекше күтімді қажет ететін балалар үшін де арнайы мүмкіндіктер қарастырылады.  

Серіктес жаңалықтары