Г. Исимбаева: Елбасы қалыптастырған төзімділік барлық уәдені орындауға мүмкіндік берді

Г. Исимбаева: Елбасы қалыптастырған төзімділік барлық уәдені орындауға мүмкіндік берді

Г. Исимбаева: Елбасы қалыптастырған төзімділік барлық уәдені орындауға мүмкіндік берді
ашық дереккөзі
Мәжілістегі «Nur Otan» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында Қазақстан Үкіметі партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру туралы есеп берді. Фракция басшысының бірінші орынбасары Гүлмира Исимбаева «Nur Otan» партиясының Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев былтыр тамызда партияның саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында сайлау алдындағы барлық міндеттемелерді орындауға қатаң бақылау орнатуды тапсырғанын айтты. «Депутаттық корпус пен Үкіметтің бірлескен жұмысы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының қажетті заңнамалық негізін қалыптастырып, партияның сайлау алдындағы барлық міндеттемелерін орындауға мүмкіндік берді. Бағдарламаны жүзеге асыру барысына апта сайын мониторинг жүргізіліп отырды. Қажетті заңнамалық негіз құру қазіргі уақытта партияның барлық сайлау алдындағы міндеттемелерінің 90 пайызын орындауға мүмкіндік берді. Бұған Елбасы саясаты арқасында қалыптасқан төзімділік ықпал етті. Осының бәрі елімізді тұрақты дамытуға және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақтартуға мүмкіндік берді», – деді Гүлмира Исимбаева.