Демалыс күндері атыраулықтарға көшеге себепсіз шығуға тыйым салынады

Демалыс күндері атыраулықтарға көшеге себепсіз шығуға тыйым салынады

Демалыс күндері атыраулықтарға көшеге себепсіз шығуға тыйым салынады
ашық дереккөзі
Атырау облысы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, 27-29 маусымда өңірде шектеу шаралары күшейтіледі.  «2020 жылдың 27 маусымы сағат 00:00-ден бастап 29 маусым 00:00-ге дейін Атырау облысының аумағында қосымша шектеу шаралары енгізілсін. Айрықша қажет болған жағдайды қоспағанда, азаматтардың қозғалысына тыйым салынсын. 65 жастан асқан адамдарға көшеге шығуға болмайды. Сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда орталықтарының, азық-түлік және азық-түлік емес базарларының, азық-түлік және азық-түлік емес сауда желілерінің қызметі тоқтатылсын» делінген қаулыда. Сондай-ақ, үйге дейін жеткізіп беретін қоғамдық тамақтану орындарын қоспағанда, барлық қоғамдық тамақтану нысандары, фитнес-орталықтар мен басқа да спорттық нысандар, сән салондары, шаштараздар, СПА-орталықтар мен салондар, қоғамдық монша, бассейндер, сауналардың жұмысы да тоқтатылады Атырау қаласы тұрғындарына парктерге, саябақтарға, жағалауларға, жағажайларға және басқа да демалыс орындарына баруға тыйым салынады. Демалыс күндері қалада қоғамдық көлік те жүрмейді. Айта кетейік, соңғы тәулікте облыста 20 адамнан коронавирус анықталып, індет жұқтырғандардың жалпы саны 1560-қа жетті. Ал республика бойынша қатерлі дертке шалдыққандар саны 19 285 болды. Індеттен 12 048 адам емделіп шықты. 136 науқас қайтыс болды.