Әскери парадқа қатысты

Әскери парадқа қатысты

Әскери парадқа қатысты
ашық дереккөзі
339
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей астанасы Мәскеу қаласындағы Қызыл алаңда Екінші дүниежүзілік соғыс­тың аяқталуының 75 жылдығына орай өткен әскери парадқа қатысты. Ресей президенті Владимир Путин­нің бастамасымен мемлекет басшылары және үкі­мет жетекшілері деңгейінде өткен салтанатты шараға Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар, Бе­ларусь пре­зиденті Александр Лукашенко, Молдова пре­зиденті Игорь Додон, Сербия прези­денті Александр Вучич, Тәжікстан пре­зи­денті Эмомали Рахмон, Өзбекстан пре­зиденті Шавкат Мирзиёев, сербтер­ден Босния және Герцеговина Президиу­мы­ның төрағасы Милорад Додик, сон­дай-ақ бірқатар халық­ара­лық ұйым бас­шылары қатысты. Ал жа­нын­дағы серік­терінен коронавирус белгілері та­был­ғандықтан, Қырғыз Республикасы пре­зиденті Сооронбай Жээнбеков парадқа қатыса алмады. Әскери парадты Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу қабылдап, оны құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы, армия генералы Олег Салюков басқарды. Кеңестік дәуірде жыл сайын 9 ма­мыр­да Қызыл алаңда әскери парад өте­тін. Ал биылға келсек, 1945 жылғы 24 мау­сымда Қызыл алаңда КСРО-ның Екін­­ші дүниежүзілік соғыста фашистік Германияны жеңуіне арналған алғашқы  парад өткен болатын. Арада 75 жыл өткенде сол кезде алғашқы әскери шеру­ге қатысқан соғыс куәгерлеріне мін­бердің құрметті орындарынан тұрып шеру­ді тамашалауға мүмкіндік берілді. Бұл Жеңіс парадына 13 мыңнан астам әскери қатысып,  200-ден аса тарихи және заманауи әс­кери техника көрсетілді. Сонымен бірге символды түрде 75 ұшақ пен тікұшақ қатысты.  width= Парадқа ресейлік әскерилермен қатар Қазақ­стан, Әзербайжан, Тәжікстан, Өзбекстан, Армения, Беларусь, Қырғыз Республикасы, Қытай, Молдова, Моңғолия, Үндістан және Сербияның сар­баздары да қатысты. Қызыл алаңмен жүріп өткен Қазақ­стан­ның 36-шы десанттық-шабуылдаушы бри­гаданың әскерилерін бригада командирі, под­полковник Ұлан Нұрғазиев бастап шықты.  width= Әсери Жеңіс шеруіне Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Гитлерге қарсы коалиция мүшелері − АҚШ және Ұлыбритания тарабы да шақырылған болатын. Бірақ АҚШ президенті Дональд Трамп мамыр айын­да парадқа келуден бас тартты. Сондай-ақ Армения, Әзербайжан, Чехия басшылары елдегі эпидемиоло­гия­лық ахуалдың нашар екенін айтып, парадқа қа­тыса алмайтынын хабарлаған. Ал Хорватия пре­зидентінің ұшағы бұзылып қалғандықтан келе ал­май­тынын жеткізсе, Түркіменстан президенті туған күніне байланысты бара алмайтынын хабарлаған. Әскери парадтан соң, мемлекет басшы­лары «Белгісіз солдат» қабіріне гүл шоқтарын қойды.  

А.ЖҰМАҒАЛИҰЛЫ

 

Серіктес жаңалықтары