328
"Қауіпті бактериялар табылды": Алматыда Сайран көліне түсуге тыйым салынды
"Қауіпті бактериялар табылды": Алматыда Сайран көліне түсуге тыйым салынды
Алматыда Сайран көліне түсуге тыйым салынды. Бұған көл суынан қауіпті бактериялардың табылуы себеп.
Бұл туралы Алмалы мен Әуезов аудандарының әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланды.
«Құрметті тұрғындар! Сайран көлінің шығыс жағалауы жабылатынын хабарлаймыз. Себебі, «Ұлттық сараптама орталығы» РКК адам ағзасына қауіпті микроогранизмдердің барын анықтады. 25 маусымнан бастап Сайран көлінің шығыс жағалауында суға түсуге тыйым салынады», - деді Алмалы аудандық әкімдігінен.
Сонымен қатар, көлдің батыс жағалауында да осы бактериялардың табылуына байланысты Әуезов ауданында да суға түсуге тыйым салынды.