Қазақстан–Қытай шекарасы уақытша жабылды

Қазақстан–Қытай шекарасы уақытша жабылды

Қазақстан–Қытай шекарасы уақытша жабылды
ашық дереккөзі
649
Бүгін, 25 маусымда Қазақстан-Қытай шекара бекеттерінде жұмыс уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді.  "Өткізу пунктерін жабу Қытай Халық Республикасында Күріш күні тойлануына байланысты Қытай тарапы бастамасымен қолға алынып отыр", – делінген хабарламада. Азаматтар мен жүк көліктерін өткізу 26 маусымнан жаңартылады. Айта кетейік, бұған дейін Қытай мен Қазақстан шекарасында жүк тасымалдайтын жүргізушілердің шекара асу үшін кезекті айлап күтуге мәжбүр екені хабарланған. Кейде олардың арасында тексерістен бірінші өту үшін төбелес пен кикілжің болып тұрады. КТК телеарнасының хабарлауынша, "Нұр жолы" өткізу пунктінде жағдай ушығып тұр. Жүк көлігінің жүргізушілері күннің ыстығында айлап кезектерін күтіп жүр. Олардың шекара асуға мүмкіндігі қашан пайда болары белгісіз. Шекарада тек қазақстандық емес, ресейлік, беллоруссиялық жүргізушілер кідіріп тұр. Олар тәулікте шамамен 20 жүк көлігі тексерілетінін айтты. Бұл ретте Қазақстан өз аумағында тауарларды қайта тиеуді жүргізе алады-бұл күту уақытын қысқартуы тиіс еді.

Серіктес жаңалықтары