Елорданың Бейбітшілік көшесі 5 шілдеге дейін жабылады

Елорданың Бейбітшілік көшесі 5 шілдеге дейін жабылады

Елорданың Бейбітшілік көшесі 5 шілдеге дейін жабылады
ашық дереккөзі
Жүргізушілер кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. «Жол желісін орташа жөндеу аясында Бейбітшілік көшесінде Есенберлин көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде құрылыс жұмыстары жүргізілуде», – делінген қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында. Осыған байланысты 21 маусым мен 5 шілде аралығында қозғалысты ішінара жабу жоспарланған. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін бағытын алдын ала жоспарлауы керек. «Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген хабарламада.