Спорт комитетінің ұсталған шенеуніктеріне қатысты жаңа деректер жарияланды

Спорт комитетінің ұсталған шенеуніктеріне қатысты жаңа деректер жарияланды

Спорт комитетінің ұсталған шенеуніктеріне қатысты жаңа деректер жарияланды
ашық дереккөзі
Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитет төрағасының қазіргі және бұрынғы орынбасарларына қатысты қылмыстық іс бойынша жаңа деректер жарияланды, – деп жазды ҚазАқпарат. «Шығыс Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері бұған дейін Риддер қаласындағы спорттық корпустың құрылысына байланысты бюджеттің ірі көлемде жымқырылған фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатқан еді. Тергеу барысында Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитет төрағасының жоғарыда аталған орынбасарларының біріне қатысты тағы бір жаңа қылмыстық іс қозғалды. Ол спорт нысаны бойынша атқарылған жұмысқа қол қою үшін 10 млн теңге ақша және 13 млн тенгелік «Тоyota Hilux» автокөлігін алды деген күдікке ілінді», – деді Данияр Бекайдаров. Қазір аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Күдікке ілінген адамдардың айыбын түпкілікті сот анықтайды. Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл мамыр айында Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасарлары ұсталған еді. Олар Риддер қаласындағы «Республикалық мамандандырылған олимпиадалық резервтік мектеп-интернаты» РММ-нің 300 орынға арналаған оқу корпусы» құрылыс нысанын салу кезінде іс жүзінде орындалмаған жұмыс үшін мердігердің шотына 380,8 млн теңге сомасында бюджет қаражатын аудару арқылы жымқырды деген күдікке ілінді.