Елордада көлік қозғалысына тыйым салына ма – әкімдік

Елордада көлік қозғалысына тыйым салына ма – әкімдік

Елордада көлік қозғалысына тыйым салына ма – әкімдік
ашық дереккөзі
192
Елорда әкімдігі 19 маусымнан бастап қалада көлік қозғалысына шектеу енгізілетіні туралы мессенжерлерде тараған ақпарат шындыққа  жанаспайтынын мәлім етті - деп жазды ҚазАқпарат. «Мессенджерлерде тараған 19 маусымнан бастап елордаға кіріп-шығуға тыйым салынатыны туралы хабарлама шындыққа жанаспайды. Тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз, бірінші кезекте қалалық әкімдіктің сайтына назар аударған жөн. Сонымен қатар, қатаң санитарлық нормаларды ұстану керек, яғни, маска тағып, қолды антисептикпен сүртіп, арақашықтықты сақтау қажет», - делінген әкімдік баспасөз қызметінің «ҚазАқпарат» агенттігіне берген жауабында. Осы орайда санитарлық нормалар сақталмаған жағдайда қала бұрынғы қатаң карантин режиміне қайта оралуы мүмкін екендігі айтылды. «Төтенше жағдай мен карантинге дейін болған бұрынғы қалыпты өмір салтына тезірек оралу әрқайсымызға байланысты», - деп атап өтеді елорда әкімдігінен.

Серіктес жаңалықтары