Жамбылда вакцина шығаратын зауыт құрылысы басталды

Жамбылда вакцина шығаратын зауыт құрылысы басталды

Жамбылда вакцина шығаратын зауыт құрылысы басталды
ашық дереккөзі
Премьер-Министр Асқар Мамин Жамбыл облысында  Қордай ауданының Гвардейский қала үлгісіндегі кентінде ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты (ҒЗИ) жанындағы вакцина шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылысын бастап берді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. Зауыт тиісті өндірістік тәжірибенің (GMP) халықаралық стандарты бойынша иммунобиологиялық дәрі-дәрмектер, оның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина шығаратын болады. Қазіргі таңда Қазақстан ҒЗИ-ның COVID-19-ға қарсы кандидаттық вакцинасы ДДСҰ тізіміне енгізілген және клиникаға дейінгі сынақтан сәтті өтіп жатыр.  />

Сондай-ақ кәсіпорында пандемиялық тұмауға, туберкулезге, бруцеллезге, нодулярлық дерматитке, ұсақ күйіс қайыратын жануарлар обасына, қой мен ешкінің контагиозды эктимасына, қой шешегіне, құтырмаға және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакциналар шығарылады.

Құрылыс жұмыстарын биыл желтоқсан айында аяқтау және жыл сайын биофармацевтикалық препараттардың 60 млн дозасына дейін өндіру көзделген.

<img src=