199
БҚО-да көз жұмған 79 жастағы науқас үйінде өз бетінше емделген
БҚО-да көз жұмған 79 жастағы науқас үйінде өз бетінше емделген
БҚО-да коронавирустан көз жұмған 79 жастағы науқас дәрігерге дер кезінде жүгінбей, үйінде өз бетінше емделген.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, 1941 жылғы тұрғын 22 мамыр күні ауырған. Әлсіздік пайда болып, қызуы 38 градусқа дейін көтеріліп, үйде өздігінен емделген, дәрігерге қаралмаған.
Жағдайы нашарлағаннан кейін 25 мамыр күні учаскелік дәрігерге жүгінген. 27 мамыр күні сағат 00.40-та ауыр халде облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөліміне түскен.
Марқұм 7 маусым күні сағат 17.30-да қайтыс болды.
Диагнозы: ауыр жағдайда өрбіген коронавирус жұқпасы. Екіжақты полисегментті пневмония. Сондай-ақ қосымша басқа да аурулары асқынып кеткен.
Айта кетейік, елімізде коронавирустан көз жұмғандар саны 67-ге жетті.
Ал республика бойынша індет жұқтырғандардың жалпы саны – 13558. Өткен тәулікте 239 адамнан коронавирус анықталып, өсім 1,8 пайызды құрады.