Жамбыл облысында «AULIEATA-MEDIA» холдингі құрылды

Жамбыл облысында «AULIEATA-MEDIA» холдингі құрылды

Жамбыл облысында «AULIEATA-MEDIA» холдингі құрылды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында «AULIEATA-MEDIA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылды. Холдингке аймақтағы 3 басылым – «Ақ жол», «Знамя труда» және «Арай» газеттері біріктірілді. Медиасеріктестіктің құрылуына орай облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев облыстық «Aq jol» газетінің редакциясына арнайы келіп, «Aq jol», «Знамя труда» және «Арай» басылымдарының ұжымымен кездесті. – Журналистер қашанда халық пен биліктің арасындағы үнкөпір болып қала бермек. Өздеріңіз бағамдап отырғандарыңыздай, бүгінгі уақыт тынысы өзгерді. Ақпарат таратуда тек жеделдік керек. Ізденіс болу қажет. Газеттер шығармашылық тұрғыда дайындалған, ел есінде қалатын кесек–кесек туындыларды жариялауға ұйытқы болуы қажет. Жаңа құрылым болған соң, оқырман үлкен өзгерістер күтеді. Осыған орай, газеттер жаңаша форматпен, үйлесімді безендіріліп шығуы керек, – деді Ержан Жұматұлы.  width= Әкімнің орынбасары медиасеріктестіктің басшылығына белгілі журналист Нұрбек Бекен тағайындалғанын,  ал облыстық «Aq jol» газетінің бас редакторы қызметін бұдан былай Оралхан Дәуітке атқаратынын жеткізді.  width=