Ұлттық банк Қазақстанның алтын валюта қоры көлемін жариялады

Ұлттық банк Қазақстанның алтын валюта қоры көлемін жариялады

Ұлттық банк Қазақстанның алтын валюта қоры көлемін жариялады
ашық дереккөзі
Еліміздің алтын-валюта резерві 2017 жылдың күзінен бергі ең жоғарғы көрсеткішке жетті. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мәлімдеді.  «Алтын-валюта резервінің деңгейі мамырда $950 млн долларға өсіп, $31,5 млрд доллар болды. Бұл еркін конвертирленетін валюталар активі өскендіктен болып отыр. Сонымен қатар, Ұлттық банктегі екінші деңгейлі банктердің қаржысы артқан. Сондай-ақ, ұлттық қорға алтын резервтер жоспарлы түрде сатылған», -деді ол. Мамырда Ұлттық банк Ұлттық қорға құны 250 млн доллар болатын аффинирленген алтын сатқан. Айта кету керек, Ұлттық қордың активтері шамалы ғана өзгерген. Мамырдың соңында қордың нарықтық құны $58,48 млрд болған. Бұл айда Ұлттық қордан 650 млн теңге трансферт бөлінген. «Ұлттық қордан шыққан шығын инвестициялық табыспен толық қайта жабылды. Ұлттық қордың инвестициялық табысы 670 млн доллар болды», - деді Ұлттық банкі төрағасының орынбасары.