Арыстағы жарылыс: Қорғаныс министрлігі сот процесі туралы айтты

Арыстағы жарылыс: Қорғаныс министрлігі сот процесі туралы айтты

Арыстағы жарылыс: Қорғаныс министрлігі сот процесі туралы айтты
ашық дереккөзі
ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев Арыстағы жарылысқа қатысты сот процесі қалай жүріп жатқанын айтты, – деп жазды ҚазАқпарат. «Мамыр айында Арыс қаласындағы оқ-дәрі қоймасында болған жарылыс фактісі бойынша сот процесі басталды. Қозғалған істер бір іске топтастырылды. Қалған мәселенің барлығына қатысты пікір білдіре алмаймын. Бұл – сот өндірісінің құзыреті», – деді Бақыт Құрманбаев БАҚ өкілдерімен кездесу барысында. Бұған дейін Арыстағы жарылысқа қатысты жоғары лауазымды 16 әкери қызметшінің жауапқа тартылып жатқанын хабарланды. Айыпталушылардың арасында еліміздің Қорғаныс министрлігінің бұрынғы бірқатар лауазым иелері, Арыстағы №44859 әскери бөлімінің басшылық құрамы және қатардағы қызметшілері бар.