Алдағы күндері ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы

Алдағы күндері ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы

Алдағы күндері ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы
ашық дереккөзі
Синоптиктер 9-11 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын айтты. «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, алдағы үш күнде жоғары циклонның әсерінен Қазақстанның көптеген өңірлерінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Тек республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысында антициклонның ықпалымен күн ашық, жауын-шашын жаумайды. Еліміздің батыс бөлігінде күндізгі температура көпжылдық орташа мәннен 0...4 градусқа жоғары, оңтүстік-шығыста нормадан 0...4 градусқа төмен, ал қалған аумақта температура норма шамасында болады.