Путин 24 маусымды демалыс күні деп жариялады

Путин 24 маусымды демалыс күні деп жариялады

Путин 24 маусымды демалыс күні деп жариялады
ашық дереккөзі
Ресей президенті Владимир Путин 24 маусым – Жеңіс шерулері күнін демалыс деп жариялап, қызметкерлердің еңбекақысы сақталатынын мәлімдеді. Бұл туралы Кремльдің сайтында жарияланды. Мемлекет басшысының жарлығында шеру Мәскеуде және Ресейдің өзге қалаларында сағат 10.00-де басталатыны, ал сағат 22.00-ге артиллериялық отшашу жоспарланғаны айтылған. Бұдан бөлек, Путин Қорғаныс министрлігіне әскери шерулер мен отшашу өткізілетін орындарды белгілеу туралы тапсырма берді. Коронавирус пандемиясына байланысты 9 мамырға жоспарланған шара кейінге шегерілген болатын. Жылдағыдай шерулердің орнына биыл Ресей қалаларында авиациялық шеру өтті. Сондай-ақ, бірнеге онлайн шаралар ұйымдастырылды. Кейінірек Владимир Путин Жеңіс шеруі 24 маусымда өтетінін мәлімдеді. Айта кетейік, соңғы тәулікте Ресейдің 84 өңірінде 8572 адамнан коронавирус анықталды. Пандемия басталғалы елде 387 мыңнан астам науқас тіркелді. Індеттен 4555 адам қайтыс болды. Ал әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 5,9 млн адамға жетті.