Болат Бақауов 3,5 жылға сотталуы мүмкін

Болат Бақауов 3,5 жылға сотталуы мүмкін

Болат Бақауов 3,5 жылға сотталуы мүмкін
ашық дереккөзі
261
Павлодар облысында Болат Бақауовқа қатысты сот басталды. ҚазАқпараттың хабарлауынша, мемлекеттік айыптаушы Елена Белова Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовты мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, үш жарым жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Басты сот процесі бүгін сағат 11.30-да Павлодар қаласында, № 2 қылмыстық сотта басталды. Болат Бақауовтың қорғаушысы Ашурбек Ашурбеков бұрынғы өңір басшысы тергеумен келісіп, кінәсін мойындағанын және келтірілген шығынның орнын толтырғанын мәлімдеді. Болат Бақауов бес баланы, оның ішінде төрт кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отыр. Сотталушының қорғаушысы Бақауовтың мүлігіне салынған тыйымды алып тастауды өтінді. Процесс мобильді бейнеконференция арқылы өтіп жатыр, сотталушы Бақауов, мемлекеттік айыптаушы, қорғаушы және БАҚ өкілдері онлайн қосылды. Сотталушы мен оның қорғаушысы, прокурор олардың бейнелерін БАҚ беттерінде қолдануға қарсылық білдірмеді.  

Серіктес жаңалықтары