163
Тұрғын үй бағдарламасы операторларының саны қысқармақ
Тұрғын үй бағдарламасы операторларының саны қысқармақ
ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі еліміздегі Тұрғын үй бағдарламасы операторларының саны қысқаруы мүмкін екенін айтты.
Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы қаралды», – делінді.
Мәліметке сай, бұл заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген. Оның міндеті – құрылыс саласы субъектілерін ынталандыруды қамтамасыз ету, ипотекалық кредиттеуді одан әрі дамыту, тұрғын үй құрылысы операторының қызметін оңтайландыру, жұмыс істеп тұрған операторлардың әкімшілік шығысын азайту есебінен бюджет қаражатын үнемдеу болып табылады.
Бұл құжатпен:
- бірыңғай оператордың ипотекалық қарыз беру;
- көппәтерлі тұрғын үйлердегі үлесті сатып алуға арналған қарыздарды кепілдендіру;
- инвестициялық жобаларды қаржыландыру және іске асыру жөніндегі қызметі реттеледі.