243
1 маусымнан бастап бірқатар бағыт бойынша пойыз жүре бастайды
1 маусымнан бастап бірқатар бағыт бойынша пойыз жүре бастайды
Халықтың сұранысына және өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жолаушылар пойыздары биылғы 1 маусымнан жүре бастайды.
ҚазАқпарат ұсынған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратына сәйкес, бастапқы кезде 54 пойыз қатынай бастайды:
- Нұр-Сұлтаннан – Алматы, Маңғыстау, Өскемен, Сарыағаш, Семей, Арқалык, Павлодар, Петропавл/Қызыл ту, Орал, Жезқазган, Қызылорда;
- Алматыдан – Шымкент, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Сарыағаш, Өскемен, Жезқазган, Орал, Петропавл, Қостанай;
- Қызылордадан – Семей, Көкшетау, Петропавл;
- Қостанайдан – Қарағанды; Арқалык;
- Қарағандыдан – Жезқазған;
- Қызылордадан – Көкшетау, Петропавл;
- Маңғыстаудан – Ақтөбе бағыттары бойынша және қаламаңы қатынастары.
- Нұр-Сұлтаннан – Алматы, Атырау, Достық, Орал, Айсары, Шымкент;
- Алматыдан – Атырау, Ақтөбе, Орал, Өскемен, Түркістан, Петропавл;
- Атыраудан – Маңғыстау, Ақтөбе, Құлсары, Карабатан бағыттары бойынша және қаламаңы бағыттары.
- Алматыдан – Ташкент, Саратов, Үрімші, Новосібір, Қазан;
- Нұр-Сұлтаннан – Челябі;
- Қарағандыдан – Мәскеу, Омбы, Томск;
- Атыраудан – Астрахань бағыттары бойынша.