319
42 500 теңге алмаған қазақстандықтардың өтініші қайта қаралады
42 500 теңге алмаған қазақстандықтардың өтініші қайта қаралады
42 500 теңге әлеуметтік төлемі тағайындалмаған азаматтардың өтініштерін қайта қарау тәртібі бекітілді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі ұсынған хабарламада: «42 500 теңге» төлемі тағайындалмағанымен келіспейтін азаматтардың өтініштеріне байланысты Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер тағайындау қағидаларына жоғарыда көрсетілген төлем тағайындалмаған азаматтардың өтініштерін қарау алгоритмін реттейтін түзетулер енгізді», – делінген министрлік хабарламасында.
Бұрын «42 500 теңге» әлеуметтік төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған өтініштерді қайта қарау үшін аудандық (қалалық) штабқа растайтын құжаттармен қоса тиісті өтініш беру қажет.
Өтініш беріледі: Жұмыс беруші тарапынан – ШОБ, ірі кәсіпкерлік (карантин енгізілген өңірлерде), коммерциялық емес заңды тұлғалар үшін. Бұл ретте өтініш тек әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту (тоқтату) туралы шешім қабылданған қызметкерлер үшін беріледі.
Өз бетінше – әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тарту (тоқтату) туралы шешім қабылданған жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, БЖТ төлеушілер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдар.
Растайтын құжаттар тізбесі:
Қызметкерлері үшін құжаттар беретін жұмыс берушілер үшін:
- жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберу туралы бұйрықтар;
- жұмыс берушінің ТЖ кезеңінде кірісін жоғалту фактісін растайтын құжаттар (банктік шоттардан үзінділерді қоса алғанда, қаржылық және өзге де есептілік, бухгалтерлік баланс және басқа құжаттар);
- мемлекеттік кірістер органдары қабылдаған декларация (МКК-мен салыстыру үшін, 200-нысан). ЖК және жеке практикамен айналысатын адамдар үшін:
- мемлекеттік кірістер органдары қабылдаған декларация (МКК-мен салыстыру үшін, 200-нысан);
- табыстың жоғалту фактісін растайтын құжаттар (банктік шоттардан үзінділерді қоса алғанда, қаржылық және өзге де есептілік, бухгалтерлік баланс және басқа да құжаттар).