Әл-Фараби мұрасы – ұлт руханиятының діңгегі

Әл-Фараби мұрасы – ұлт руханиятының діңгегі

Әл-Фараби мұрасы – ұлт руханиятының діңгегі
ашық дереккөзі
1967

Биылғы жылы ұлы ойшыл, шығыстың Аристотелі атанған, Тұран топырағының тумасы Әбу Насыр Мұхамед ибн Тархан ибн Узлаг әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толады. Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз 870 жылы сол кезде дүние жүзіндегі ірі қалалардың бірі болған Отырарда дүниеге келді. Әл-Фарабидің ілім-білімге деген алғашқы ынтасы, ғылыми ойының алғашқы ұшқындары туған жері Отырарда, оның теңдесіз қоры бар кітапханасында пайда болды. Кейіннен ол Шаш, Самарқан, Бұхара, Хорасан, Бағдат, Дамшық (Дамаск), Каир қалаларына барып білімін тереңдете түскен. Ғұмыры өнер мен ғылым жолына арнаған ол 950 жылы Дамшық қаласында дүниеден озған. Әл-Фараби мұрасын зерттеу әлемдік ғылымда ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптаса бастады. Ал, қазақ ғылымында болса өткен ғасырдың ортасынан бастап қолға алынған. Осыған дейінгі Фараби мұрасын зерттеуде саусақпен санап аларлық ғалымдардың ішінара еңбектерін ғана атап айта аламыз. Ал, ұлы ғұламаның 1100 жылдығында Алматы мен Бағыдат қалаларында ғылымыи конференция өтіп, онда жасалған ғалымдар зерртеуі кейін арнайы кітап болып топтастырылған. Осы сияқты мардымсыз дүниелерді айтпағанда еліміз көлемінде Әл-Фарабиды тереңдей тану әлі де көп еңбекті қажет ететін, ізденіс кемшіл түсіп отырған, алда атқаруға тиісті келелі істің бірі. Тұңғыш президентіміз «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ғұлама ғалымның тұлғасы мен мұрасында лайықты баға беріп өткен болатын. «Әл-Фараби – әлемдік өркениеттің жарық жұлдызы. Ол әлемді тануға және өркениеттің дамуына теңдессіз үлес қосты»,- деп атап көрсетті. Осы орайда Елбасының мақаласын негізге ала отырып, Фараби ілімін терең зерттеу ісін Алматы қаласындағы университет - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті бастамашылықпен қолға алып отыр. Әл-Фарабидың 1150 жылдығын ел көлемінде тойлау салтанаты да алдымен осы оқу орынында, жыл басында басталған болатын. Содан бері қарай ғалымның мұрасын зерттеу мақсатында халықаралық ғылмыи конференциялар өткізіліп, Ғылыми зерттеу жасалып, бірқатар игі шаралар атқарылып үлгерді. Әл-Фарабиды тану дегеніміз оның келіп шығу тегін ғана тану деген сөз емес. Ең әуелі ғұлама ғалымның адзамзат мәдениетіне қосқан ұланқайыр еңбегін тану. Сол арқылы Фарабиды ұлттың рухани тірегіне айналдыру. 2020 жылдың 14 мамырында әл-Фараби Орталығы ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Әл-Фараби мұрасы» атты халықаралық онлайн конференция өткізеді. Конференция жұмысында Қазақстандық қоғамның рухани дамуы мен қазіргі заманғы сын-қатерлер контекстінде Әл-Фараби интеллектуалдық мұрасын зерттеудің өзекті мәселелері талқыланады. Халықаралық онлайн конференция жұмысына Қазақстаннан, алыс және жақын шетелдерден фарабитану саласындағы мамандар қатысады. Конференцияның негізгі бағыттары –  Әл-Фараби трактаттары: Философиялық мәтін аудару мәселелері және мәдениетаралық коммуникация мәселелері; «Әл Мәдина әл-Фадиладан» Смарт ситиге дейін: кемел қоғамның қазіргі заманғы түсіндірмесі; Қазіргі қазақ фарабитануының өзекті мәселелері. Әл-Фараби «Бақытқа жету жайында» деген еңбегінде «оның бірден-бір жолы – ғылымды, білімді игеруде» деп насихат айтады. Біз Фараби мұраларын қазақ тілінде толық сөйлетіп, ұлттың рухани құндылығының мәйегіне, алтын діңгегіне айналдыра білуіміз керек.

 

 

Серіктес жаңалықтары