Алматыда блокбекеттен адам өткізу үшін пара алған әкімдік қызметкері сотталды

Алматыда блокпосттан азаматтарды кедергісіз өткізген әкімдік қызметкері сотталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

«2020 жылдың 13 мамырында Алматы қаласы Жетісу аудандық №2 сотының үкімімен Алматы қаласы тұрғындарынан «Ащыбұлақ» шеңберіндегі №11 блокпост арқылы кедергісіз арлы-берлі өтулері үшін бірнеше мәрте жалпы сомасы 380 мың теңгеден асатын параны алғаны үшін Алматы қаласы Жетісу аудандық әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы С.Оразов сотталды», – делінген ведомство ақпаратында.

Агенттік мәліметінше, сот үкімімен оған 13 млн 300 мың теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар ол мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button