Ғалым Жайлыбай: Мемлекеттік сыйлықты тағайындау ережелерін өзгертетін уақыт жетті

«Кейде өлеңді жоба деп қарау керек. Махаббатты өмір бойы жырлай беруге болады. Бірақ ел бар ғой, оның тағдыры бар ғой…». Қадыр ақынның бұл сөзін Ғалым Жайлыбай өлеңіне ғана емес, өміріне де бағдаршам етті.  Елдің тағдыр-талайы, жердің тыныс-тіршілігі, ұлттың уайым-қайғысы – оның шығармаларының негізгі өзегі. Әр өлеңінен қазаққа деген шексіз махаббатты, жасандылықсыз жанашырлықты көресің. Сұхбат барысында да ақынның ұлтына деген құрметі ешбір өлшемге сыймайтынын аңғардық. 

– Ғалым аға, қаламгерлер болмысынан еркіндікті, кеңдікті сүйетін қауым ғой. Төрт қабырғаға қамап қойған ка­­рантин шығармашылығыңызға ке­сі­рін тигізбеді ме? 

– Бұл індет – адамзаттың басына түскен сы­­нақ кезеңі. Кейбіреулер  карантинді жаңа мүмкіндіктер уақыты деп қабылдап жүр. Тарихқа көз жіберсек, әлем бұған дейін де бірнеше пандемиямен күресіп, талай індетпен алысты. Сондай күрделі кезеңдердің өзін­де адамзаттың игілігіне айналған қан­шама ғылыми жаңалықтар ашылып, талай ғұ­­мырлы шығармалар туған. Мәселен, Нью­тон бүкіләлемдік тартылыс заңын карантин кезінде ашқан екен. Ал тырысқақ ау­руы­на байланысты жарияланған карантин кезеңі А.Пушкиннің шығармашылығына «Бол­дино күзі» деген атпен еніп, отты өлең­дер, тұғырлы поэмалардың тууына себеп болды.

Төрт қабырғаға қамалған бұл күндері өт­кенімізге ой жіберіп, болашағымызды бағамдап, көптен бері қол бармай жүрген шаруаларды ретке келтірдік. Өз-өзіңмен оңа­ша қалғанның азабы да, рахаты да бар екен. Карантин басталғалы көп кітап оқыдым. Латын Америкасының бүгінгі поэ­зиясымен таныстым. Грузиннің белгілі ақын қызы Маквала Гонашвилидің «Кешіккен кездесу» атты кітабын қазақшаға аудардық. Біраз өлеңін өзім, бірнешеуін шәкірттерім тәржімалады. Жалпы көлемі жеті баспа табақтай аударма басуға даяр тұр. Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы, қазақ қаламгерлерінің қол­даушысы Жансейіт Түймебаев аудармамен та­нысып шы­ғып, кітаптың басылып шығуын өз мойнына алды.

Бұдан бөлек, карантин уақытында то­ғыз бөлімнен тұратын «Сұрақ белгісі» атты поэмам жарық көрді. Жуырда «Әдебиет пор­талында» жарияланды. «Жұлдыз» жур­налының алдағы санына да басылмақ. Бұл поэ­маны жазу көптен бері ойда жүрген. Көк­тен түскен төрт қасиетті кітап – «Зәбур», «Тәу­рат», «Інжіл» мен «Құранда» айтылған ор­тақ құндылықтарды бір дастанға тоғыс­тырғым келетін. Оқшаулану кезеңінде сол мұратым орындалды.

– «Сұрақ белгісін» әлі оқып үлгерме­дік. Есесіне, жұртшылық арасында үл­кен резонанс тудырған «Қара орамал­мен» жете таныспыз. Бүгінгі күнге дейін бұл поэма он үш тілге аударылып­ты. Швециядан бәйге алғанын білеміз. Қа­зақ әдебиетінің шеңберінен асып, әлем­дік әдебиет биігінен көріну өк­шеңізді басып келе жатқан жас қа­лам­герлердің көбіне арман. Бүгінгі әлем оқырмандарын қандай шығармалар елең еткізеді?

– Әлем бойынша шығармалары ең көп оқы­латын жазушы саналатын бразилиялық Пауло Коэльоның кітаптары қаншама тілге аударылып, жаһанның түкпір-түкпіріне 300 миллионнан астам данамен тараған  екен. Көп­тің қызығушылығын тудырған Коэльо­ның сол аңыздарын қазақ жазушыларының көбі жаза алады. Меніңше, бұл жерде та­ны­малдылық көтерген тақырыптық өзек­тілі­гіне емес, насихат жұмыстарына байланыс­ты болып тұр.

Өкшемізді басып келе жатқан жастар «әлем оқырманына не ұсынамын?» деп емес, «қазақ оқырманына не бере аламын?» деп ізденгені жөн. Ұлттың жанына, табиғатына үңіліп, болмысына жақын дүние жазғанда ғана қазақ ақыны, қазақ жазушысы ретінде қалам ұстауға қақы бар деп ойлаймын. Әр ұлт­тың өз қазынасы, ардақтайтын асылы, еш­кімге лайлатқызбайтын тұнығы бар. Оның бағасын сол ұлттың өзінен басқа еш­кім бағамдай алмайды. Мәселен, арғы­мақтың дүбіріне, бұлақтың сылдыры мен жусанның жұпарына дәл қазақтай ешкім елі­тіп, елеңдей қоймас. Қазақ ақынының өлеңі­нен, қазақ жазушысының әңгімесінен ең әуелі ұлтымыздың кең пейілін, аңғал көңі­лін іздеймін.

Кезінде «Киік қашқан» деген поэмамды жа­зарда киіктердің табиғатын әбден зерт­тедім. Киік бір-бірінің төлін емізетін жал­ғыз аң екен. Ақбөкендердің қазақ даласын мекендеуі тегін емес екенін сол кезде ұқтым. Қазақ та жетімін жылатпаған ел, жақыны түгіл жатты өзектен итермеген халық. Қиын-қыстау кезеңдерде қаншама ұлт пен ұлысты шаңырағының астына алып, барын бөліп берді. Міне, қазақтың осындай асыл қасиеттерін туындыларына темірқазық етіп алса, жас қаламгерлер бағыт-бағдарынан жаңыл­мас еді.

Бүгінгі жастар нарық заманына, құнды­лық­тар өзгерген уақытқа тап келді. Ақша табу бірінші орынға шықты. Оның үстіне, жас буын баяғы біз көрген есігі күндіз-түні ашық тұратын үйлерді, маңдайыңнан емі­ре­ніп сүйетін ауылдың аналарын, алыстан кел­ген балаға арнайы барып сәлем беретін ақ­сақалдарды көрген жоқ. Аласапыран заман­ның ала-құла құндылықтарын қабыл­дады. Мұны олардың кем-кетігін ақтау үшін айтып отырғаным жоқ. Сол кем-кетіктің орны толса деген ой. Қазақтың шығармасы дүниенің қай бұрышына да қазақтың иісін ала барса деген тілек. Адамзатқа қызмет ұлтыңа қызмет етуден  басталуы тиіс.

– «Жаратқан хақтың әмірі қалай – Сен көрген қазақ – сол қазақ!..» дейсіз   «Абай­мен сырласу» атты өлеңіңізде. Қа­зақтың бойынан қандай өзгеріс көр­гіңіз келеді?

– Бүгінгі ғасыр – ақыл-ой аламанының за­ма­ны. Қоғам өмірінің қай саласын алып қарасақ та, топ бастайтын, жол көрсететін сер­келердің сиректігі сезіледі. Расул Ғам­затовтың «Ұлтының қамын ойламаған адам­ның қамын ұлты да ойлауға міндетті емес» деген сөзі бар. Кез келген саналы адам өзі үшін ғана емес, қоғам үшін не істей ала­мын деп ойлануы керек. Мен қазақ қо­ға­мы­ның жұдырықтай жұмылған бірлігін көргім ке­леді,  қазақ жастарының көптің игілігі үшін жасаған толымды тірлігін көргім келеді.

Жұмыс бабымен шетелге көп шығамыз. Мә­селен, соңғы жылдары Мәскеуге екі рет жол түсті. Сонда байқағаным, қазақтың ұл-қыз­дары Ресейдің белді оқу орындарында білім алып жүр. Тілдессең, ой-өрістері биік, арман-мұраттары асқақ екенін аңға­расың. Ресейге Орта Азияның өзге мемлекеттерінен баратын жастар көбіне қара жұ­мыс істеп, нәпақа табуды көздейді. Олар­дың арасынан қазақтың балаларын кезіктіре қоймайсың. Соған қуанамын. Уақыт­тарын ілім-білімге, өзін-өзі дамытуға арнап жүрген жастарды көрсем, елімнің келешегі кемел боларына сенімім арта түседі. Өйтке­ні қай заманда да білімдінің болашағы жар­қын.

– «Кеңес кезеңінде үш томдығы шық­қан ақын бәлки өмір бойы жұмыс іс­те­мей кетуі мүмкін еді» депсіз баспа­сөзге берген бір сұхбатыңызда. Қазір ше?  Бүгінгі  қазақ қоғамы қаламгер­ле­рін қадірлей алып жүр ме?  

– Бала күнімізде ауылға ақын немесе жазу­шы келсе, халықтың бар ықылас-пейілі со­ған ауып, ерекше қадірлейтін. Қазір баспа да көп, жазушы да көп болған соң, қадіріміз кемігендей. Зейнетке шыққан соң ақшасы бардың бәрі ғұмырнамалық кітап жазатын бол­ды. Кітабы шыққаннан кейін әкім-қа­раның алдына барып, өткізіп бер деп сал­мақ салады. Олар «қаласаң да, қаламасаң да са­тып ал» деп өзінің қоластындағыларын қи­най­ды. Кітаптың қадірін осылай кетірген соң, қоғамда жазушыға құрмет қайдан бол­сын?

– Ресейде мемлекеттік сыйлық бе­рі­лерде қоғамдық мәселелерге, елдің әлеуе­тіне үн қосқан, бұқара мұңын жыр­лаған ақын-жазушы алдымен еске­ріледі екен. Ал бізде Мемлекеттік сый­лыққа үміткерлер қалай іріктеледі? Үз­діктер қандай талаптар бойынша анықталады?

– Украинаға бірнеше мәрте жол түсті. Соң­ғы рет Тарас Шевченконың тойында бо­лдым. Сол жиында әдебиет бойынша мем­лекеттік сыйлық иегерлерін марапаттау салтанатына куә болдық. Украинада мемлекеттік сыйлықты тағайындау жөніндегі ко­миссия жыл бойы жұмыс істеп, әр сала бойын­ша жемісті еңбек еткен азаматтарды, көп­шіліктің ықыласына бөленген үздік шы­ғармаларды іріктейді. Лайықты деп та­нылғандарды марапаттайды. Ал бізде Мемлекеттік сыйлыққа қоғамдық ұйымдар арқылы әркім өзін ұсынады. Марапатты тағайындау жүйелі, ашық түрде жүргізіл­меген­діктен, оның айналасында күбір-сы­быр да, дау да көп.

2014 жылы бұл бәйгеге мен де «Тобыл­ғыжарған» атты жыр жинағымды қосқам. Әдебиет секциясы бойынша ең жоғары дауыс жинасам да, өтпей қалдым. Үзең­гілестерімнің бәрі жинағым бұл марапатқа бірден-бір лайық еңбек екенін айтып, тұғы­рым­ды биіктетті. Мұхиттың арғы жағынан Мұхтар Мағауин ағамыз жоғары бағасын беріп,  «Жас Алашқа» арнайы мақала жазды. Соған марқайып, сыйлықтың бұйырмағаны­на өкіне қойған жоқпын. Алайда әдебиеттің, өнердің бақ-талайы үшін Мемлекеттік сый­лықты тағайындау ережелерін өзгер­тетін уақыт жетті деп ойлаймын.

– Биыл бұл марапатқа қай қаламгер­лер ұсынылды?

– Бүгінгі қазақ прозасының көш басында тұрған есімдердің бірегейі Тынымбай Нұр­мағамбетов, қазақтың көрнекті жазушысы Несіпбек Дәутайұлы, ерек стилімен қазақ әдебиетіне соны сүрлеу салған Асқар Алтай, ақындардан Серік Аңсұңқарұлы, Жүрсін Ерман, Ханбибі Есенқарақызы, орыс тілінде жазатын Бақытжан Қанапиянов, тағы да басқа мықты қаламгерлер марапатқа ұсынылып отыр.  Аталған ақын-жазушылар­дың қай-қайсысы да қазақ әдебиетінен ойып тұрып орын алған азаматтар. Бұл мара­патқа барлығы да лайық. Алайда сый­лық біреу-ақ.  Абайдың аты берілген мемлекеттік марапатты жалғыз сыйлыққа байлап қою дұрыс емес секілді. Комиссия осы мәселені қарастырып, қоғамға еңбегі сің­ген азаматтардың лайықты бағалануын ескерер деген ойдамын.

– Қарап отырсақ, әдебиеттегі қа­рым­ды қаламгерлер, өміршең шы­ғармалар саяси дүрбелеңдер тұсында туған екен. Бұған Ахмет пен Міржақып, Мағжан ақындардың шығармашылығы дәлел. Сыртқа көз тастасақ, Гете, Шекспир, Байронды да толқулар мен төң­керістер шыңдаған. Тұғырлы роман, ғұ­мырлы өлең тууы үшін біздің қоғам­ға да дүмпу керек пе?

– Арыға бармай-ақ, жиырмасыншы ғасырдан бастасақ, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, 1917 жылғы Қазан төңкерісі, 1932 жыл­ғы ашаршылық, сталиндік қуғын-сүргін, 350 мыңдай қазақты жалмаған Екінші дүниежүзілік соғыс, полигон зардаптары, бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жат­қан зымыран сынақтары – менің ұғы­мымда мұның бәрі дүрбелең. Шығар­ма­шы­лық адамы болған соң, мұның бәрі жүре­гіңде із қалдырады. Жаныңды ауыртқан дү­ниелерді қағазға төгесің. Қоғамның дер­тін, қасіретін өлеңмен жеңілдете алардай боп аптығасың. Жасығанға жырыңмен жігер бергің келеді.

Протон құлаған кезде біздің Үкімет «бұл әуеде жарылып кеткен гептил, оның адамға зияны жоқ» деп жылы жапты. Алайда кейін олай еместігіне көзіміз жетті. Арқада адам­дар­дың ерте қартаюы жиіледі. Қаншама аң-құс қырылды.  Сол жылдары «мұның зия­ны үш мың жылға дейін кетеді екен» де­ген пікірлер де айтылып жатты. Көргені­міз бен естігеніміздің бәрі жүректі езді, ерік­сіз қалам ұстатты.

– Арқам-ай, арқаға батты,

Ауыл тұр шайқала…жүдеп.

Құрдасым тартады арақты,

– Уды у қайтарады, – деп.

Қасіретті жырлау арқылы жан дүниенің шы­рылын жеткіздік. Мұндай дүниенің бәрін жаздым, әлі де жаза беремін. Қадыр ағам­ның: «Кейде өлеңді жоба деп қарау ке­рек. Ғалым, айналайын, махаббатты өмір бойы жырлай беруге болады. Бірақ ел бар ғой, оның тағдыры бар ғой» деген сөзі жа­дым­да жатталып қалды. Сол сөз шығар­ма­­шылықтағы бағдаршамыма айналғанын енді ұққандаймын.

– Ахмет Байтұрсынұлы жырлаған «Ақ­қу, шортан һәм шаянның» әуреші­лігі­нен әлі арыла алмай келеміз. Қазақ қайтсе бірігеді? Сіздіңше халықты жұ­дырықтай жұмылдыратын ұлттық һәм мемлекеттік идея не болуы керек?

– Кезінде әр ауылда ақсақалдар кеңесі бол­ды. Олар ауылдың тентектерін тезге са­лып, ішкі дау-дамайларын шешіп отырған. Ауыл басшылары қандай да бір мәселені ше­шерде ақсақалдармен ақылдасатын. Сон­дай құрылымдарды қайта жандандыру керек деген ойдамын. Қазақ үлкенді сыйлайтын, сөзге тоқтайтын халық қой. Ақсақалдар инс­титутын жаңғырту арқылы бүгінгі қо­ғам­ның кері кеткен көп әдетін жөнге салуға болар еді.

Мұхтар Әуезовтің «Ел боламын десең, бе­сі­гіңді түзе» деген сөзінің астарында үл­кен мән жатыр. Ұлттық тәрбие тал бесіктен бас­талуы керек.

Қазақта балалар жазушысы саусақпен са­нар­лық. Жуырда Смағұл Елубай ағамыз бас­тама көтеріп, қазақтың барлық қалам­гер­лерін балаларға арнап шығарма жазуға ша­қырды. Өзі «Балалық шақ баяны» деген әң­гімелер топтамасын жазыпты. Біз үшін бұл үлкен жаңалық болып, ағамыздан жаз­ға­нын сұрап алып, «Жұлдыз» журналына жа­риялағалы жатырмыз. Бұл бастама әрі қа­рай жалғасын тапса, қазақ балаларына ар­налған туындылар көбейе түссе дейміз.

Бүгінгі аналар бесік тербетіп отырғанда бе­рісі орыстың, арысы ағылшынның «әл­диін» әндететін болған. Өйткені қазақта за­ма­науи бесік жыры жоқ. Немерелеріміз қы­зыға көретін қазақи мультфильм де жоқ.  Олар­ды «Алдар көсемен» қашанғы алдаймыз?

Екінші сыныпта оқитын немеремнің оқулықтарын парақтаймын кейде. Онда жа­зылғандарды бала түгілі, біздің өзіміз тү­сіне алмай қиналамыз, шыны керек. Тап­сырмалар баланың ұғымына жеңіл, түсі­нікті болса, оқушылар ықыласпен орындар еді. Сәйкесінше оқу процесінің де жемісі ар­та­ды. Мектеп бағдарламасы – ұлттық, мем­лекеттік идеологияны өрістетудің ең тиім­ді құралы. Балалардың бойына отан­сүйгіштікті сіңіру, ауызбіршілікке тәр­бие­леу, әріп пен есеп үйрету секілді күнделікті дағдыға айналуы қажет.

– «Жырларымның жұлдызын жандырам деп  Алматыға Арқадан көшіп кел­гем» деген өлең жолдарыңыз есіме тү­сіп отыр. Жырларыңыздың жұлдызы жан­ған соң Арқадан алыстап кеткен жоқ­сыз ба? Туған жерге ат басын жиі бұра­сыз ба?

– Мына сұрағың бір керемет оқиғаны еске түсірді. Осыдан төрт-бес жыл бұрын «Кел­бет» деген бағдарлама кезекті санын ме­нің өмір жолыма арнамақшы болды. Тү­сірілімді ауылда жасайық деп шештік. Біздің ауылда сарқыраған өзен де, аспанмен талас­қан тау да, жайқалған орман да жоқ.  Жа­зық дала. Бауырларымды жинап, «түсірілім тобына не көрсетеміз?» деп асып-сасып жүр­сем, інілерімнің бірі: «Аға, саспаңыз, бір жыл­­­қыны сойып, киіз үй тігейік те, осы ел­ден шыққан белгілі азаматтарды, ауылдың мақтаныштарын шақырайық» деген ұсыныс айтты. Дереу Астанаға телефон соғып, Қай­рат Байбосыновты, Аманжол Әлтаевты, Жаңаар­қадан Қорабай Есеновті, Жезқазған­нан Ғалым Мұхамедин,  Береке Көшенов се­кіл­ді әншілерді, ұзын саны 20 шақты аза­м­атты шақырдым. Шақырған кісілердің бәрі жолдың шалғайлығына қарамастан ме­желі уақытта жинала қалды. Сонда таң­ғалған журналист: «Аға, сіздің еліңізде қа­шық­тық деген ұғым болмайды екен» деген еді. Расында да, Арқа – ешқандай шеңбермен шектелмейтін, ешқандай жікке бөлінбейтін бол­мысы бөлек өлке. Даласы қандай дарқан болса, адамдарының пейілі де сондай кең. Ту­ған өлкені, балалығың өткен өңірді жақ­сы көрмеу, сағынбау мүмкін емес. Қолым қалт етсе, сол жаққа тартып кеткім келеді де тұрады…

 

Сұхбаттасқан Анар ЛЕПЕСОВА

Редакция таңдауы

125 жыл бұрын төртем тапқан қазақ әйелі

Адам баласының ең басты парызы − дүниеге ұрпақ әкелу. Өйткені адамзаттың тіршілігі солай жалғасады. Осы орайда, қазақ халқының «Байлық − қолда еріген мұз, бала...

Түрікменстаннан 153 қандасымыз Қазақстанға көшіп келді

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Түрікменстандағы қандастарымыз атамекен Қазақстанға көшіп келді. Мемлекеттік органдар құжат, көлік мәселелір шешіп, барлығы 153 азаматты,...

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...
mattt

125 жыл бұрын төртем тапқан қазақ әйелі

Адам баласының ең басты парызы − дүниеге ұрпақ әкелу. Өйткені адамзаттың тіршілігі...
zhzh

Бүгін – Жамбыл Жабаев дүниеге келген күн

Бұдан 175 жыл бұрын 99 жасына дейін жүрегінен жыр төгілген ақын,  дүлдүл...
yas

Қожа Ахмет Ясауидің мөрі мен шежіресі табылды

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған «Ясауи...

Жаңалықтар

125 жыл бұрын төртем тапқан қазақ әйелі

Адам баласының ең басты парызы − дүниеге ұрпақ әкелу. Өйткені адамзаттың тіршілігі солай жалғасады. Осы орайда, қазақ халқының «Байлық − қолда еріген мұз, бала...

Бүгін – Жамбыл Жабаев дүниеге келген күн

Бұдан 175 жыл бұрын 99 жасына дейін жүрегінен жыр төгілген ақын,  дүлдүл жырау, жүйрік жыршы, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жамбыл ЖАБАЕВ (1846-1945)  дүниеге келді. Ол...

NASA Марстың алғашқы панорамасын жариялады

АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) Ровер Perseverance түсірген Марстың алғашқы панорамалық суреттерін жариялады. NASA алдағы апталарда көптеген қызықты суреттері жариялайтынын мәлімдеді.  

Қожа Ахмет Ясауидің мөрі мен шежіресі табылды

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған «Ясауи ізімен» ғылыми-экспедициясы аясында Өзбекстан Республикасының Наманган қаласынан Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір...

Түрікменстаннан 153 қандасымыз Қазақстанға көшіп келді

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Түрікменстандағы қандастарымыз атамекен Қазақстанға көшіп келді. Мемлекеттік органдар құжат, көлік мәселелір шешіп, барлығы 153 азаматты,...

«Наконец-то» Бекшин алматылықтарға үндеу жасады

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин наурыздағы мерекелер алдында қала тұрғындарына үндеу жасады, - деп хабарлайды өңірлік СЭБД баспасөз қызметі. Бекшин үндеуінде алматылықтардан...

Армениядан жеткізілген көліктердің тіркеу мерзімі ұзартыла ма?

Қазақстанға Армениядан жеткізілген көліктерді тіркеу мерзімі 1 наурызға дейін ұзарды, - деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. ІІМ мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 1 ақпанына...

Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту туралы жоспарын айтты

Еліміздің жоғары оқу орындарындағы журналистика факультеттерінің оқу бағдарламалары зерделенеді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева inbusiness.kz сайтына берген сұхбатында айтты. Министрдің айтуынша, қоғамдық...

Қытай келісімдерді елемей, қазақ пойыздары қараусыз қалып жатыр

"Жүк жөнелтушілердің бастамасымен Қытайға тауарларды қабылдауға уақытша тыйым салу енгізілді", – деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы (ҰК)»АҚ баспасөз қызметі. «ҚХР-мен шекарадағы бекеттерде жағдай...

Ресейде тіркелген көліктер Қазақстанда жүре алмай ма?

  Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстанның Бас прокуратурасы атынан жалған бұйрық таратылған деп хабарлайды  тengrinews.kz сайты. Аталған «құжатта» Ресейде тіркелген автокөлік иелеріне Қазақстан аумағында жалпы сенімхатсыз...

ЕСКІ ЖАРАНЫҢ АУЗЫН ТЫРНАУ ЕСТІНІҢ ІСІ МЕ…

Адам баласы туғанда бір-бірінен артық-кемі жоқ қызыл шақа болса да, өсе келе олардың бәрі өз бетінше өзгеріп, даралана бастайды. Өйткені уақыт ағымындағы түрлі әсерлер...

Елімізге Түрікменстаннан 153 қандасымыз көшіп келді

Бүгін Түрікменстан Республикасынан 153 қандасымыз тарихи Отанына көшіп келді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. 2020 жылы әлемде орын алған пандемияға байланысты елімізде көшіп–қонушылар ағыны кейінге қалдырылған болатын....

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип...

Мәди Манатбек жаңа қызметке тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы міндетін атқарушы болып Мәди Манатбекұлы тағайындалды. Мәди Манатбекұлы 1978 жылы 25 мамырда дүниеге...

Бас прокуратура үндеу жариялады

Әлеуметтік желіде жекелеген тұлғалар елдің әртүрлі аймақтарында заңсыз митингіге   шақырып жатыр. Осыған байланысты ҚР Бас прокурорының орысбасары Б.Б. Дембаев үндеу жариялады. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының...

Вице-министрдің не үшін қамалғаны белгілі болды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтің ұсталуына қатысты түсінік берді. «Мәдениет және спорт вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу...

Елбасы Түркия президентін құттықтады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Elbasy.kz.  Әңгіме барысында Елбасы Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтап, зор...

Полиция қызметкерлері жүкті әйелді автокөлікте босандырып алды

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері келіншекті автокөлікте босандырып алды. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 26 ақпанға қараған түні Самара-Шымкент автожолы...

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды

Бүгін жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын республика көлемінде ресми түрде мерекелеу басталды. ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев елордадағы Жамбыл ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Қ.Қуанышбаев атындағы...

COVID-19: Әлемде екпе салдырғандар саны індет жұқтырғандардан екі есе көп

Әлемде коронавирусқа қарсы екпе алған адамдардың саны пандемия басталғалы індет жұқтырғандардың жалпы санынан екі есе көп, деп хабарлайды ТАСС.  Қазіргі уақытта шамамен 227 миллион адам...

Әзірбайжан Таулы Қарабақта әуежай құрылысын бастады

Әзірбайжан билігі Таулы Қарабақта халықаралық әуежай құрылысы басталатынын мәлімдеді. Нысан Иранның шекарасына жақын жерде, Шуша қаласынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан Физулиде бой көтереді. Ел президенті...

Алғыс айту күні: Елордада мерекеге орай қандай шаралар өтетіні белгілі болды

Елімізде 1 наурызда Алғыс айту күні атап өтіледі. Бұл мерекеде елордалық театрлар медицина қызметкерлерін, эпидемиологтарды, педагогтарды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін спектакль көруге шақырады, деп...

Жол карталарын іске асыруға мониторинг жүргізу үшін цифрлық платформа әзірленеді – Б.Байбек

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында партияның алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, 1 наурызда «Nur Otan» партиясының құрылғанына...

Ақтөбе облысында 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті

Бүгін, 26 ақпанда сағат 11:55-те Шалқар ауданының Ұлпан теміржол станциясында 43 вагон құрамының 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті. Оның ішінде 13 цистерна аударылып, ұзындығы...

Винсент Ван Гогтың «Монмартрдағы көше көрінісі» картинасы сатылымға шығарылды

Винсент Ван Гогтың әйгілі картинасы – "Монмартрдағы көше көрінісі" саудаға шығарылды. Сурет бұрын-соңды көпшілік назарына ұсынылмаған, картина қайтадан сатылғанға дейін, Қытайда содан кейін Голландияда...

Қызылордада сауна әкімшісі жеңгетайлықпен айналысқан

Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан азаматша ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. "Қызылорда қаласында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлықпен айналысып жүрген азаматша анықталды. Облыс орталығындағы сауналардың...

Білікті хирург қандасымыз: Орыс тілін білмегендіктен базар жағалап кеттім

https://youtu.be/zzD6QU3BF6M Сюжет авторы Нұржан ТҰРҒЫМБАЙ Тілші Ділда Уәлибек

1 наурызда әскерге шақыру басталады: Қорғаныс министрлігі негізгі өзгерістерді атады

13 мыңнан астам 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметші көктемгі шақыру кезінде еліміздің Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырады....

Қырымбек Көшербаев Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды

Елордада Ж.Тәшенов және Амман көшелерінің қиылысында Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті. ҚазАқпараттың хабарлауынша, шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Мәдениет және спорт...

Қырғызстан президенті Путинге не сыйлағанын айтты

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресейге жұмыс сапары кезінде Владимир Путинге қылыш сыйлады. Бұл туралы ол "Россияская газетаға" берген сұхбатында айтты. "Бұл қылышты Қырғызстанның ең мықты...

Елімізде азық-түлік жеткізу нарығы 75 пайызға өскен

2020 жылы Қазақстанда азық-түлік жеткізу нарығы 75% - ға өсті. Бұл туралы Chocofood қызметінің директоры Николай Щербак хабарлады, деп хабарлайды LS. Карантинге байланысты Қазақстанда азық-түлік...

Әлемде коронавирус құрбандарының саны 2,5 миллионнан асып жығылды

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 113,5 млн-ға жетті.  Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, індет жұқтырғандардың 89 миллионы емделіп шықса, 2 507 624-і қайтыс болды. COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша...

Семейде 1879 жылы салынған тарихи ғимарат өртенді

Ғимараттағы өрт тек таң ата ауыздықталған. https://youtu.be/AwAQx5E_MLA Өрт 26 ақпанда Абай даңғылында 00 сағат 46 минут шамасында басталған. Өртті сөндіруге барлығы 19 техника, 55 адам жұмылдырылды....

Алматы облысында Ан-2 ұшағы мәжбүрлі түрде қонды

"Азия Континенталь" әуе компаниясының Ан-2 әуе кемесі Боралдай - Кеген бағыты бойынша РРК5481 санитарлық рейсін орындау кезінде Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 км...

Омбыда Халықаралық ана тілі күні атап өтілді

2021 жылғы 24 ақпанда халықаралық ана тілі күніне орай Қазақстанның Омбыдағы Консулдығының басшысы Ырысқали Дәуренбек «Омбы қазақтары» аумақтық қоғамдық ұйымының басшылығы, жергілікті қазақ тілі...

Елімізде сүт өндірісі бойынша қай өңір көш бастап тұр?

Шығыс Қазақстан облысы сүт өндірісі бойынша республикада көш басында тұр. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов халыққа есеп беру барысында айтты. «Соңғы бес жылда...

Ең сұлу волейболшылар рейтингі: Ресейлік спортшы Сабина Алтынбекованы басып озды

Грек басылымы Gazzetta планетаның ең сұлу волейболшы аруларының рейтингін жариялады. Рейтингте 25 жастағы ресейлік Алиса Маненок көш бастады, деп хабарлайды Politic. Бұған дейін аталған рейтингте...

Теміртау қаласының әкімі тұрғындардан кешірім сұрады

Теміртау қаласын жылумен қамтамасыз ететін ЖЭО-2 жұмысында ақау болып, тұрғындар аязда жылусыз қалды. Келтірілген қолайсыздық үшін Теміртау қаласының әкімі Қайрат Бегімов өңір халқынан кешірім сұрады. Мамандар...

2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді

2021 жылы Қазақстанда Көші-қон саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы...

Әлемдік ТОП-50 қатарына енген Қазақстан дзюдошылары

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Тель-Авивте өткен әлемдік «Үлкен шлем» турнирінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Olympic.kz. Жаңартылған рейтинг бойынша ТОП-50 қатарына енген қазақстандық дзюдошылар...

Президент Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады, – деп хабарлады Ақорда. Кездесу барысында Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның қазіргі...

Жамбыл Жабаев – 175: Киевте поэзия кеші өтті

Бұл жайында Қазақстанның Украинадағы елшілігі Facebook парақшасында мәлім етті. Қазақтың көрнекті суырып салма ақыны Жамбыл Жабаевтың туған күні қарсаңында Киевтегі қазақ диаспорасы мен Қазақстанның Украинадағы...

«Nur Otan» Партиялық бақылау комитетін Артур Платонов басқарады

Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып Артур Платонов тағайындалды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді. «Артур...

Нұр-Сұлтанда банк тонамақ болған күдіктілер ұсталды

Түн ішінде елордадағы банктердің бірінің ғимаратына есігін сындырып кірген екі күдікті ұсталды. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, түнгі сағат 02:30-да ішімдікке еліткен 2 жігіт шыны...

Қарағандылық судьяның ісін Жоғарғы сот қарайды

Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабековтің ісі Жоғарғы сотта қаралады. Судьяның әріптестері оның әрекеті судья әдебі кодексіне қайшы келетінін айтады. Алайда оған қатысты шешім...

Бүгін елорда мен Ақмола облысының оқушылары қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысында ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды. «26 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9...

Өткен тәулікте 855 адамда коронавирус расталды

Қазақстанда өткен тәулікте 855 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 135, Алматы қаласы - 110, Шымкент қаласы -...

COVID-19: АҚШ-та вакцинаның күшін әлсірететін вирустың жаңа түрі пайда болды

Калифорния технологиялық институты мен Колумбия университеті ғалымдарының пікірінше, коронавирус инфекциясының жаңа нұсқасында кездесетін мутация оған иммундық жүйенің әсерін сезінуге кедергі келтіреді, – деп жазды...

«Ұлы дала таңы» фильмінің түсірілім жұмысы басталды

Алматы облысы Панфилов ауданы Көктал ауылының маңында режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» толықметражды тарихи көркем фильмінің түсірілімі басталды, – деп хабарлады «Қазақфильм» киностудиясының...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет

«Қазгидромет» мамандары 26 ақпанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады. Қазақстан аумағының басым бөлігінде фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей уақытта қар жауады....

Марсқа қонған Perseverance тіршілік іздейді

Бейсенбі күні кешке NASA ғарыш агенттігі Марсқа жаңа Perseverance (Персеверанс) роверін қондырды (ағыл. – табанды, қайсар), - деп хабарлайды ВВС. Ровердің Қызыл ғаламшардағы басты міндеті...

Армения Қарулы күштері Пашинянның отставкаға кетуін талап етті

Армения әскері елдің премьер-министрі Никол Пашинян мен оның үкіметінің отставкаға кетуін талап етті, - деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі.  Бас штаб басшысы Оник Гаспарян қол...

Доллар бағасы тағы да арзандады

Теңгеге қатысты доллардың ресми бағамы төмендеді. Ұлттық банк 26 ақпандағы америкалық валюта бағамын атады. Жұмада теңгеге шаққандағы доллардың ресми бағамы 414,77 теңге болады. Бұл ретте...

Қазақстанда аяз 40 градусқа дейін көтеріледі

26 ақпанда Қазақстанның 11 өңірінде ауа райы нашарлап, 35-40 градус аяз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет". Жамбыл облысында, Тараз, Жезқазған, Қарағанды ​​облыстарында, Қарағанды, Жезқазған, Солтүстік Қазақстан,...

YouTube видеохостингі ата-ана бақылауы режимін енгізеді

Youtube платформасы ата-ана бақылауын орнатуға мүмкіндік беретін жаңа опцияны ойлап тапты. Бастапқыда YouTube видеохостингін жасаушылар 13+ жастағы бейнеге кіруді шектеді, сонымен қатар ата-аналарға балаларын...

Артур Төлепов әкімнің кеңесшісі болып тағайындалды

Актер Артур Төлепов Алматы қаласы ”Алатау” ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалғанын айтып, халықтан қолдау сұрады. Ол өзінің әкімнің кеңесшісі болып тағайындалғаны жөнінде Instagram...

«Құлағым үсіп қалды». Желіде үскірік аязда жолда қалған қарағандылықтың бейнежазбасы қызу талқылануда (видео)

Әлеуметтік желілерде үсік шалып, аяз салдарынан зардап шеккен қарағандылықтың видеосы кеңінен талқылануда. Instagram желісіндегі shock_krg парақшасына жүктелген видеода ол Қарағанды облысы Шет ауданы Батық ауылына...

Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалуда көмек көрсетуде

Алматының жастар ресурстары орталықтарының белсенділері мен жас отандықтар қарт адамдар мен коммуналдық қызметкерлерге көмектесу үшін қар тазалау акциясына шықты. Алматыда 24 ақпанда сағат 16.00-дан бастап...

Сауль «Канело» Альварес: «Головкинді сұлатып түсіремін»

Мексикалық былғары қолғап шебері Сауль «Канело» Альварес журналистердің оның Геннадий Головкинге қарсы үшінші кездесу өткізуді қай уақытқа жоспарлап отырғаны туралы сұраққа жауап беруден мезі...

Исламжан Насыров ҚПЛ-дан неге «қашып кеткенін» түсіндірді

Екатеринбургтік "Оралдан" ҚПЛ-ға ауысқан Исламжан Насыров "Тұраннан" (бұрынғы "Арыс") кетіп қалды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет өзінің телеграм-каналында хабарлады. Бәрі жақсы сияқты болған, Насыров матчтардың...

Facebook ақпарат индустриясын қолдау үшін 1 млрд доллар инвестицияламақ

Американың Facebook компаниясы алдағы үш жылда ақпарат индустриясын қолдау үшін 1 млрд доллар қаржыны инвестициялауды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның жаһандық саясат және коммуникациялар...

Тұрғын үй бағдарламасымен жастарға берілетін баспана құны қанша?

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы арқылы берілетін баспана бағасы қанша теңгеге айналатынын айтты. «Қазір Нұр-Сұлтан мен Алматыда...

Мемлекет басшысының Ұлттық кеңестің V отырысында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында сөйлеген сөзін жарияланды. Құрметті жиынға қатысушылар! Ұлттық кеңестің қызметі әуел бастан қоғамның ерекше назарында. Оның жұмысына...

Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады

Кездесуде «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын әрі қарай жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ сайлауаралық кезеңдегі партияның жұмыс жоспары талқыланды. «Nur Otan» партиясының Төрағасы...

Алматы-Бішкек тас жолында 7 көлік соқтығысты

Алматы-Бішкек тас жолында қалың қар мен көктайғақ салдарынан 7 көлік соқтығысты. Оның ішінде біреуі жолаушылар автобусы. Бір адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, тексеруден кейін үйіне...

Павлодар облысында өрт сөндіру кезінде ТЖМ қызметкері қаза тапты

Павлодар облысы Ақсу қаласының Ақсу шағын ауданында өрт сөндіруші қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты, – деп хабарлайды ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. «2021...

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...

Орындалмаған уәделер

Кемшілікті мойындау да – ерлік Есептік кездесулерге қашықтан қатыс­қан тұрғындардың көпшілігі әкімдер көз­бояу­шылықтың көкесін карантинде көр­сетті деп кейіді. Есеп онлайн форматта бе­рілгендіктен бұрынғыдай тұтқиылдан қойы­латын...

Қазақ көші қолдаусыз болған емес

Қазақ көші атажұртқа сап түзегелі қилы жағдайды бастан кешті. Әйткенмен қандастардың салқар көші байырқалаған жоқ, байсалды болды. Оған себеп дүниенің төрт бұрышынан ағылған көштің...

Максим СПОТКАЙ: Қиындықта көрген қамқорлық ешқашан ұмытылмайды

Шын мәнінде, қазақ – ерекше алғысқа лайық халық. Себебі қазақтар қиын-қыстау за­­­манда осы мекенге жер аударылған түрлі этнос өкілдерін құшақ жая қарсы алып, қол­дау...

Аскер ПИРИЕВ: Бірліктің арқасында талай жеңіске жетеміз

– Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының фору­мында айтқан болатын. Ал 1995 жылғы...

Мессидің шоуына қатысқан қандасымыз «Дю Солейде» өнер көрсетеді

«Дю Солей» циркі (Cirque du Soleil) – әлемдік цирк өне­рін­­де көш бастап тұрған ұжым. Сахнада өнер көрсе­те­тін жануарлардан толық­тай бас тартқан олар түрлі қойы­­лым­­дарды...

«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы кімдерге арналған?

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасының қай санаттағы жастарға арналғанын түсіндірді. «Қазір осы бағдарлама бойынша талаптар әзірленуде. Бұл...

Елорданың көктемгі әуендері

Наурыз айында «Астана Опера» камералық залында елорда тұрғындары мен қала қонақтарын балалар мен ересектерге арналған жарқын концерттік бағдарламалар мен керемет спектакльдер күтеді. 5 және 9...

ЕҚЫҰ ПА Бас хатшысы Роберто Монтелла: «Астана рухын» жандандыруымыз керек

24 ақпанда ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясы бейне конференция байланысы бойынша өз жұмысын бастады. Оған Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров бастаған ҚР Парламентінің делегациясы қатысты. Сенат...

Қазақстан Елшісі Моңғолияның Премьер-Министрімен кездесті

Қазақстанның Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жалғас Әділбаев Моңғолия Премьер-Министрі Лувсаннамсрай Оюун-Эрдэнэмен кездесуі өтті. Ж.Әділбаев Л.Оюун-Эрдэнэ мырзаны Премьер-Министр қызметіне тағайындалуымен және дәстүрлі Шаған мерекесімен (ай...

Рейтинг: Мемлекет тілін білмейтін министр кім?

Ranking.kz аналитикалық компаниясы қазақстандық министрлердің тіл білу рейтингісін жариялады. Қазақстанда екі министр 5, төрт министр 4, бес министр 3, жеті министр 2 тілді меңгерген. Ал...

Қат мамандық қайсы?

Еңбек нарығы заман ағымына қарай үздіксіз өзгеріп отырады. Бүгін бәсі жоғары тұрған маман­дық­тар уақыт өте келе сұраныстан шы­ғып қалуы әбден мүмкін. Окс­форд университетінің ғалымдары...

Алматыда мыңнан астам ана сақтандыру есебінен ЭКО жасата алады

Қазақстанда экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасының қолжетімділігі артты. Бұрын тегін медициналық көмек шеңберінде ғана жасалатын жоғары технологиялық қызметтің бұл түрі 2020 жылдан бастап медициналық сақтандыру пакетіне...

ДИМАШ – АҚИҚАТҚА АЙНАЛҒАН АРМАН

Әр ұлттың өніп-өскен, мекен еткен жеріне орай өзгеше болмысы қалыптасатыны ақиқат. Ұлы дала төсінде мыңдаған жылдар бойы еркін өмір сүрген, империя құрып ғасырлар бойы...

Түркі кеңесі елдерінің энергетика министрлері ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Түркі кеңесінің энергетика министрлері мұнай және газ, электр энергиясы, ЖЭК, сондай-ақ мұнай-газ-химия саласындағы өзара іс-қимылды, оның ішінде ұйымға мүше елдерде өндірілетін өнімді тасымалдау бағыттарын әзірлеуді...

Алғыс айту – ардың ісі

Негізін қазақ халқы құ­раған және күні бү­гінге дейін сол үр­діс тоқтаусыз жалғасып келе жат­қан мемлекетімізде қазақ­тан өзге жүзден астам ұлт өкіл­дері де осы елдің...

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттамайды

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттамайтынын айтты. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Бақытты отбасы» бағыты бар, бүгінде...

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі шартқа өзгеріс енді

Қазақстанда егер халықаралық шарттардың өзге қатысушылары өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда аталған келісімнің немесе олардың жекелеген ережелерінің іске асырылуын тоқтату, сондай-ақ, жауап шараларын қабылдау тәртібі...

Қазақстан мен Оңтүстік Корея тұтқындарды алмастыруға келісті

Оңтүстік Кореяда сотталған Қазақстан азаматтары енді өз мерзімінің қалған бөлігін Отанында өтей алады. Бүгін сенаторлар тиісті шартты ратификациялады. Бұл жерде бірқатар шарттардың сақталуы маңызды болып...

Ұлттық құндылық телевизиялық рейтингтен жоғары болуы керек – Дана Нұржігіт

Сенат депутаты Дана Нұржігіт отандық телевизиядағы кейбір бағдарламалар ұлттық ұстанымдарымызға қайшы деп есептейді. Бұл туралы парламент өкілі үкімет басшысына жолдаған сауалында айтты. Депутаттың айтуынша, бүгінгі...

«Болашақ» бағдарламасы – келешекке жасалған көлемді инвестиция

– Тәуелсіздік алған тоқсаныншы жыл­дары жалпы ха­лық­тың жағдайы жақсы бол­ды, мына сала­ның дамуына ерекше жағдай жа­салды дей ал­маймыз. Қоғам өмірінің бар­лық саласы то­қырауға ұшырады....

Сенатор Ләззат Сүлеймен заңгерлерді даярлау кезінде сан қуаламай, сапаға қол жеткізу туралы айтты

Отандық жоғары оқу орындарында оқитын заңгерлер көп, бірақ өкінішке орай, заңгерлік білімнің сапасы көңіл көншітпей отыр. Сенатор Ләззат Сүлеймен өзінің депутаттық сауалында осы мәселені...

Мұрат Бақтиярұлы: Ашаршылықты зерттеу үшін ғалымдар мұрағатқа қол жеткізуі қажет

Ашаршылық тақырыбын жан-жақты зерделеу үшін ғалымдардың отандық және шетелдік мұрағаттарға қол жеткізе алуын қамтамасыз ету қажет. Бұл мәселені сенатор Мұрат Бақтиярұлы еліміздің Премьер-Министрінің атына...

Жамбылда 251 гектар жерді жайлаған 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды

Былтыр Жамбыл облысында 251 гектар жерден 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылған. Бұл жұмыстар жерді жырту, шабу, өртеу және гербицидтерді қолдану арқылы жүзеге асқан....

Дипломатия жемістері

Биыл Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып жария­лан­ғанына 30 жыл толады. Осы тарихи датаға байланысты өмірімнің жиырмаға жуық жылын осы салаға арнаған дип­ломатия ардагері хақында, дербес...

Айман Ибрагимова дзюдодан Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды

Ақтөбе қаласында дзюдо күресінен 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасындағы  Қазақстан чемпионаты жалауын көтерді. Онда Сарыағаш ауданының балуан қызы Айман Ибрагимова 44 кг салмақ дәрежесінде...

Мемлекет басшысы Білім министрлігіне ерекше қажеттілігі бар балаларға қатысты тапсырма берді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдауға қатысты еліміздің Білім және ғылым министрлігіне тапсырма берді. «Өкілетті органға ерекше қажеттілігі бар бала мен оның...

Президент: жер шетелдіктерге сатылмайтыны туралы түбегейлі шешім қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға және жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды және бір ай ішінде Жер реформасы жөніндегі...

Әлия Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлерге қатысты жобаны қолға алды

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің кенже қызы Әлия Назарбаева көгалдандыруға қатысты тағы бір бастаманы қолға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Жоба аясында саябақтарға ағаштар егіледі. Оған...

Қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге жазаны қатаңдату қажет – Президент

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге жазаны қатаңдату қажеттігі туралы айтты. «Қазақстан қос азаматтыққа тыйым салынған көптеген...

Президент аудан әкімдерінің сайлауы қашан өтетінін айтты

Мемлекет басшысы елімізде аудан әкімдерінің тікелей сайлауы қашан өткізілетінін айтты.  "Қазір біз кенттер мен ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауға дайындалып жатырмыз. Сайлау биыл шамамен...

Қазақстандықтар медициналық қызметтерді бір ғана мекемеден алуы тиіс – Қ.Тоқаев

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осындай тапсырма жүктеді. «Азаматтар өздеріне қажетті қызметтің барлығын бір ғана медициналық мекемеден алуға тиіс. Осы жобаны...

Мемлекет басшысы медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейтуді тапсырды

Медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейту қажет. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Бұған дейін біз педагогикалық жоғары оқу орындарында...